Аяғыңды андап бас!
блог
«Қазіргі таңдағы қыздардың жағдайы қандай? Олар не жасап жүр? Ата-анасының бақылауында ма?» деген сауал маған маза ма бермеуде. Себебі, «қоқысқа баласын лақтырып кетіпті, дәретхана ішінен нәресте табылды, жол үстінде миы шашылған бала дүниеден озды» деген оқиғалардан кейін жүрегім ауырғаны рас. Менің жасым қазіргі таңда жиырма бірде. Студентпін. Тұрмыс құрған жанмын. Мен бір үйдің жалғыз қызы болғандықтан, менің тәрбиеме үлкен мән берілді. Қазіргі таңда сол тәрбиенің арқасында күйеуіме «адал жар», ата-енеме «сыпайы келін» болып отырмын. 9 ай көтеріп, аман-есен дүниеге әкелген анасының кеңесін тыңдамай ана жүрегін жаралауға асық өзімшіл жандар бар. Шет елге қызығып темекі мен арақты қасиетті астарына санап, кіндігін ашып, жартылай жалаңаштанып тәнін сатқандар жүр. Аяғын аңдып баспай, алданып қалып, ішіне біткен нәрестені өлімге қиып, көшеге керек емес затты лақтырғандай қоқыс жәшігіне тастап кеткен аяусыз, қатігездер көбейіп барады. Қарқылдап тәртіп білмей күлетіндер жеңіл мінезді қыздарда қатардан қалар еме. Қарт адамға үйленіп, қайтыс болған соң дүние мүлігіне ие болып жатқан қаракөз қыздарымыз қанша ма? Қыз-үйдің айнасы. Қыз-ертеңгі ұрпақ әкелуші ана. Дүниге әкелген баланың денінің сау болуы анаға байланысты екенін естен шығармаған абзал. Сондықтан, «жылуынан сұлуы артық» деген ұғымды «сұлуынан жылуы артық» деп өзгеркеніміз ақылдырақ болар еді. Ашық –шашық жартылай жалаңаш болып жүрген қыздар таң қаламын. Қыздың бар болмысы – оның ең керемет байлығы емес пе? Байлықты көрінгенге көрсеткен сайын оның құны кетеді. Әрине, мен бұл жерде барлық қыздарға топырақ шашпаймын. Тәртіпті, қылығымен адам жанын баурап алатын тәрбиелілерде бар. Өмірге адам бір-ақ рет келеді. Бір абыроймен өмір сүреді. Сондықтанда, қыз бала абай болыңыздар! Бір қателік сенің өміріңді күрт өзгертіп жібереді. Әр ісіңді ақылмен ойлап жасауға тырыс!