"Астана" телеарнасында "Сырты бүтін..." отбасылық драмасының жаңа маусымы!
блог
Өмірде қуаныш пен қайғы, жақсылық пен жамандық қатар жүреді. Бірде айың оңыңнан туып, тасың өрге домаласа, енді бірде сағың сынып, жігерің жасиды. Себебі бұл - өмір. Бірде төбең көкке жеткендей қуансаң, бірде көңілің қоңыр күздей құлазиды.. Өйткені ол - тағдыр. Өмірдегі осындай түрлі оқиғаларды қозғайтын «Астана» телеарнасындағы «Сырты бүтін...» отбасылық драмасы көрерменнің көзайымына айналып үлгерді. Деректі драманың ерекшелігі – шынайы оқиғаларға негізделуінде. Әр адам драманы көре отырып, өз өміріндегі күрделі мәселенің шешімін таба алады. Қанша қиындық кездессе де, одан шығар жол қашанда болады. Телехикаяның кейіпкерлері – қиындықты жеңе білген жандар, тағдыр тауқыметіне мойымағандар. Бағдарламаның көздеген мақсаты да – осы. Адам бар жерде проблема болмай тұрмайды: кесір келін мен мазасыз ене тартысы, ағайындылар алауыздығы, өгейлікпен өткен өмір, баласына қадірі қалмаған қария мен отбасының берекесін кетірген абысындар араздығы - қоғамның өзекті мәселесі. Жылдарға жалғасқан қоғамның кикілжіңін тоқтатуға кім дəрменді!? «Сырты бүтін...» отбасылық драмасы тек бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның проблемасына айналған осы және басқа да тақырыптарды қозғай отырып, өз кезегінде түйткілді мәселенің түйінін тарқатуға тырысады. Ендеше, 3 сәуірден бастап «Астана» телеарнасында «Сырты бүтін...» отбасылық драмасының жаңа маусымын тамашалаңыздар! Шынайы оқиғалар тізбегі - өмір драмасы, өмір драмасы - сіздің өміріңіз!