Арманыңа адал бол

Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ой,ар,мінез деген нәрсемен озады.Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де-ақымақшылық.

          ,,Он сегізінші сөз"

Құрметті досым!Ақыл дегеніміз-ол сенің бар ойлау жүйең,егер сол жүйенің ішінде құнды дүниелер сақталса,ол осы ақылдың көрінісі.

Заман дамуы ма, әлде адамдардың санасының жетілгендігі ме,қазіргі таңда өзіміздей адамдар миға қонбаған тіпті ешкім ойламаған жаңалықтар ашуда.Бұл қалай десеңіз,менің бірнеше жауабым бар.Біріншіден,сол нәрсені жан дүниеңмен қалау,яғни жақсы көру, соны істеген сайын ләззат алу. Екіншіден,бойыңа бар сенімділігіңді жинап, барлық күшіңді,уақытыңды,назарыңды сол нәрсеге арнау. Үшіншіден,жүрегіңді тыңда ол сені адастырмайды,еңбектен, тоқтама.

Менің көзқарасымша,көптеген жағдайда жүрегің мен ақылың сиыспай жатады, нақтырақ айтқанда қайсысын тыңдарыңды білмей дал боласың.Әсіресе мектеп түлектері.Жан-жақтан айтылған сіздің болашағыңызға қатысты пікірлер мен болжамдар жасалуы.Біреу сіздің армандарыңыздыды орындай алатыныңызға сенсе, енді бірі жәй қиял деп есептейді.Тіпті жаныңызға жақын жандарда сізге мамандық таңдауда мүлдем басқа жолдарды ұсынуы ғажап емес.Өзіңіздің төрт жылдық ғұмырыңызды қаламаған жерде оқып, ең сорақысы сол дипломның саған еш пайда келтірмеуі емес пе! Алайда, ақылың ақшасы көп және грант көп бөлінген жерге бар, арманыңды сосын орындайсың десе не Мұндай жағдайда сізге дұрыс таңдау жасауыңызға көмектесетін ол-сіздің жүрегіңіз. Келісем әрине,бұл өмір талас тартысқа толы, сол секілді өмірден қалағаныңызды алу үшін,бойыңыздағы сенімсіздікпен және әлсіздікпен өмір бойы күресуіңіз заңдылық.Ұлттық біріңғай тестілеу үшін күйзелу де орынды әрине, дегенмен де болашақтан ештеңе бастамай жатып қол үзу,өзін төмендету дұрыс жол еместігін айтқым келеді.

Ұлттық бірыңғай тестілеу демекші сіздерге ұсынар кеңестерім бар:

✔️Күйзеле бергеннен пайда жоқ,оның орнына дұрыс жоспар құрыңыз.Мысалы,әр күніңізде қолға алатын сабақтарыңызды ретпен орындаңыз. 

✔️Үлкен жетістіктер кішкентай қадамнан басталады.Күн сайын аз болсада жаңа нәрсе үйреніңіз. 

✔️Музыканың орнына аудиокітаптар тыңдаңыз. 

✔️Алтыннан қымбат уақытыңызды әлеуметтік желіде босқа өткізбеңіз,музыканың орнына аудиокітаптар тыңдаңыз. 

✔️Ерінбеңіз,жан-жақты ізденіңіз

✔️Түсініп оқыңыз, жаттап алу маңызды емес

✔️Ең бастысы қалған оқу орнынан,гранттан ешқашан үміт үзбеңіз

Қазіргі таңда мақсатқа жетудің сан алуан жолдары бар.Оның ең көп талқыланатын ақша.Көп адамдар үшін ақша-бақыттың кілті.Ал ақшасы жоқ, бірақ бақытты адамдар ше? Өмірінің әр сәтінен бақыт іздейтін, соны бағалай білетін адамдар жоқ емес.Ақшаның әмірі жүрмейтін бәр нәрсе-жүрек.Ақылыңа жүгіне отырып, жүрегіңнің әмірін орындау түбі бір бақытқа кенелтеді.Өмірде әділетсіздік шексіз, олардың әрқайсымен күресу мүмкін емес, бірақ,даналығың мен еңбекқорлығың арқылы барлығын бағындыруға мүмкіндігің әрқашан бар.

Бүгінгі істеген іс-әрекет, ертеңгі тарих.Өз тарихымызда өшпес із қалдыру өз қолымызда! 

Дайындаған:Тілектес Аяжан



Бөлісу: