Сенде жауапкершілік бар ма?
Жас дос, өмірде тостағанға құйылған қымыздың қасиетін, қандай күтімде дайындалатынын білесің бе? Қымызды дайындау үшін, күбіні тобылғымен ыстап, күбіге саумалды құйып, бабына келгенше пісіп даяр болғанша дайындау керек. Осындай түрлі амалдармен дайындалған қымыз өте дәмді болып, тұла бойыңды бейжай қылып, денеңді маужырата рахат сезімге бөленесің. Осы іс-әрекеттер баптаған адамның өз ісіне үлкен жауапкешілікпен қарағанын білдіреді. Ал керсінше, сенің тұрақта тұрған машинаңа кенеттен басқа машина келіп қағып өтті. Бұл жерде қандай жауапкершілік болу мүмкін? Сен бұл жерде жауапкершілікті өзгенің жіберген қателігі үшін емес, өзіңнің жасар іс әрекетіңе жауаптысың. Яғни, бұзақымен жандалдасуыңыз әбден мүмкін, немесе жол тәртіп қызметкерлерін шақыртып заң аясында шешілуін талап етуіңіз әбден мүмкін. Назар аударыңыз, сен болған оқиғаға жауапты емессің, оқиғаны қандай бағытта өрбітетініңе жауаптысың. Олай болса өзің жауапкершілікті мойындамасаң байлыққа жетуге, табыс кілтін қолыңа алу мүмкін емес екенін білеміз. Әрине, өмірде экономикалық қолайсыз жағдайлар немесе физикалық қасіреттер көптеп кездесіп жатады. Қандай жағдай болсын сен басыңа түскен іске шешім қабылдайсың. Сен апельсинді қолыңа ал. Қолыңдағы апельсинді құшырлана қыссаң не болуы мүмкін? Мағанасыз сұрақ,- деп айтарың анық. Әрине, одан шырын бөлінеді. Ал енді апельсинді аяққа салып езсем не болады? Ол жағдайда да шырын бөлінеді. Ал қабырғаға қатты соқсам не болады. Сонда да шырын бөлінеді. Мен қандай әрекет жасасам да апельсинде еш жауапкершілік болмайды. Ол тек қана шырын бөлуге жауапты, яғни құрамында не бар соған жауап береді. Дәл солай сенде бойыңа тараған қасиетке және одан шығатын іс әрекетке жауаптысың.
Жауапкершілік – дұрыс жауап беру мүмкіндігі болып табылады. Сен әрқашан өзіңнің іс әрекетіңе және жан жағыңдағы оқиғаларды түсіну үшін жауаптысың. Әрине, саған мойындау оңай емес әрбір іс әрекет тек қана өз билігіңде екенін. Әсіресе, егер іс әрекет теріс бағытта болса. Теріс пиғылды адам сенімен жандалдаса , оның іс әрекетіне қарай сенде жанжалмен жауап берсең шиленіскен сұрақтың шешімін ала алмасың әбден мүмкін. Өмірде бұндай іс әрекеттерді дау - жанжалға ұштастырмай, ықыласты қарым қатынаспен тиімді түрде шешімін табуға болады.Егер шағып алған жыланды жазалаймын деп соңынан қусаң, жылан уы бойыңа тез тарайды. Тек залансыздандыру әрекетімен ғана жылан уын бойға таратпайды. Яғни, дау-жанжал болмас үшін, ағаш кессең ұзын кес қысқартуы оңай, темір кессең қысқа кес ұзартуы оңай,- деп ойланып шешім қабылдау немесе долданып соққан борандай жанжалдасып іс әрекетті одан әрі шиеленістіру тек қана сенің билігіңде екенін, сен ғана жауапкершілік алатыныңды әрдайым жадыңда сақта. Өз іс әрекетіңе сұрақ беріп жауап ізде. Яғни іс әрекеттің оң немесе оның шешімінің нәтижесіз шешілуі тек қана сенің жауап беру әрекетіңе қарай шешімін табатынын жадыңнан шығарма. Сен қандай жауапкешілікті мойындасаң сондай нәтижеге жететініңе көзің жеткен болар. Сенің іс әрекетің – өмірдегі оқиғаларға жауап беріп әр қашан оң шешімін табу. Сол шешімнің жауабына сен жауапкершілік аласың.
Көп жағдайда адамдардың басым көпшілігі жауапкершілікті өзге адамдардың мойнына асып беріп жатады. Өмірде жауапкершілікті мойындамайтын үш себепті әрдайым естіп жүрміз:
Кінә генге байланысты. Кінә ата-анаға байланысты. Кінә қоршаған орта.Өмірде болып жатқан оқиғаларды таразы басына салып салмақтап көрейік. Бір жасөспірім екі кісіні пышақтап өлтірген іс әрекетін журналистер қызығушылық байқатып оның өмірін және не себеп болғанына зерттеулер жүргізді. Жасөспірім тұрмысы нашар отбасында тәрбиленгенін, маскүнем әкесі күнде жанжал шығарып, анасын соққыға жығатынын көріп өскенін айтып берді. Отбасы тек қана әкесінің ұрлық іс әрекеті нәтижесінде келген көлденең табыспен ғана өмір сүргенін, өзінің де соған орай алты жастан бастап ұрлыққа бейім болғанын есіне алды. Одан әрі ол адам өлтіруге қатынасқаны үшін қылмыстық жауапкершілікте болғанын, енді міне екі кісі өліміне жауапты екенін баса назар аударды. Әңгіме соңын ол : «осындай өмір жағдайда басқаша адам болып қалыптасуым мүмкін бе?», - деп сөзін аяқтады.
Дегенмен, бұл жас жігіттің бірге қатар өскен сыңары бар екенін журналистер біліп, ол жігітпен де әңгіме желісін өрбітті. Бұл таң қаларлық оқиға болды, ол сыңарына қарама-қайшы өмір сүріп жатты. Бұл жас жігіт ел сыйлаған құрметті адвокат. Өмірде өз орнын тапқан сыйлы азамат қалалық белсенді қоғамның мүшесі. Екі бала тәрбиелеп отырған асқар таудай әке, бақыт құшағына бөленген отбасы.
Журналистерге берген сұқбатында ол да сыңары айтқан отбасы тарихын баяндап, сөз саптауын : «Көп жылдар бойы бақылап, осындай өмір жағдайын жақсы өмірге өзгертуге бола ма?»,- деген көкейіндегі сұрақтарға жауап іздеп талпынысқа ұмтылғанын жеткізді.
Аңғарған боларсыз, айырмашылық жоқ бір ген, әке-шешесі бір ата-ана, сол бір ортада тәрбиленген қоршаған орта. Бірақ өзгеше қалыптасқан әр түрлі түсінік және болып жатқан оқиғаға әр түрлі әрекет істер. Бір қалыптасқан ортада тәрбиеленген екі адам әр түрлі жол тараптарына түскені қалай? Мүмкін оларға оң әсерін тигізетін адам кездескен болар. Бірақ, біреуі көңіліне тоқыса, екіншісі құлағына ілмеген болар. Мүмкін, екеуіне де жақсы тәлім алатын кітап түскен болар. Біреуі мұқият саралап оқыса, екіншісі аяқтамай оқымаған шығар. Не әсер еткен жағдайлар бізге белгісіз. Қандай жағдай болса да екеуінің жолы екі айырылды.
Ештеңе қарамастан сен өз іс-әрекетің үшін жауаптысың. Қандай шешім қабылдайтыныңды әрқашан сен өзің шешесің .
Жас дос, сен де жауапкершілік бар ма? Өміріңе өзгеріс енгізуге жауапкершілікпен қарайтын болсаң қойған мақсатыңа жету саған қиын болмас. Шабыттанып үлкен қыраттардан көріну үшін саған жұмыс орныңды тастау міндет емес. Ең қолайлы шешім көңіл толатын басталар жұмысқа басқа қырыннан қара. Алғашқы қадам жаса. Дәл қазір қоңырау шал. Не істеу керек екенін айтам.
* келесі тақырып: Жауапкешілік алмай өмір сүру оңай ма немесе жақсы өмір сүруге не кедергі?