ӘР КҮНІҢІЗГЕ СӘТТІ ҚАДАМ №6
блог
Өмірдің бес бағыты және ақшамен жұмыс
Сенің өмірің – алтын қазына, ал сен – өзің ойлағаннан жоғары асылдың тегісің. Сенің бүгінгі өмірің ертеңгі өмір болып қалыптасуы міндетті емес. Таңдау жасаңыз. Өмірде нақты жетістіктерге жету үшін мен сіздерге өмірдің бес бағытын ұсынамын: денсаулық, қаржы, адамдармен қарымқатынас, эмоция және мағаналы өмір сүру . Барлығы өте маңызды. Денсаулығың болмаса қалған бағыт маңызды емес. Кімде-кім өз эмоциясына ие бола алмаса өмірден өзіне керек жігер ала алмайды. Адамдармен қарымқатынасың дұрыс болмаса мағаналы өмір сүру мүмкін емес. Ал мағаналы өмір сүру деп өз мүмкіндігіңе қарай ортаңа пайдаңды келтіру, рахат сезімге бөлеу. Дегенмен бұлардың барлығына қаржы керек.
Айталық, бес бағыт біздің бес саусағымызға сәйкес келсін. Мысалы, қаржы сұрақтарына жауапты болған «ортан теректі» кенеттен балғамен қатты соққы берді. Сол мезетте сіз: «оқасы жоқ , бұл бір саусағым ғой. Менде әлі төрт саусағым бар», - деп жауап бермейтініңіз анық. Әрине, сол мезетте сіз ауырып тұрған саусаққа ден қоятыныңыз кәміл. Өмірідің бес бағыты бір-бірімен тұтасқан үйлесімділік тапқаны өте маңызды. Біздер бойымызда әр қайсының жетік дамығанын қалаймыз. Егер өмірде ақша мәселесі дұрыс шешілмесе, онда қалған бағыттар арасында тепетеңдік бұзылады. Ақша бізге жарқын өмір сүру үшін керек. Ақшаның біздің өмірімізде алатын орнын түсіндіру артық болар, дегенмен көпшілік қауымға неге мол қаржы табу бұйырмаған? Не істеу керек? Мол ақша табу мүмкін бе? Көкейімізді тескен сұрақтардың жауабына талдау жасайық. Мына көріністі көз алдыңызға елестетіп көр. Қақаған қыс айы. Жаңбырдан соң жол бойы көк тайғақ. Сен өзіңе сенімді жансың. Саған үш жүз метрлік жерде орналасқан супермаркеттен отбасының қажеттілігі үшін өте қажетті тауар сатып алу керек. Шешімді сен қабылдауың керек. Машинамен баруға тайғақ жолда тәуекел ету өте қауіпті. Сен жаяу барып біресе шайқалып, біресе қол тіреп өзіңе қажетті тауарды үйге әкелдің. Не сезіндің? Біріншіден, сен отбасының қажеттілігін жойып, отбасының көңілін көтеріп, араларыңдағы қарым қатынас нығая түсті. Екіншіден, сен ішкі сезіміңмен (эмоцияңды) өзіңді бағындырып тез шешім қабылдауды бойыңа дамыттың. Түймедей заттан түйедей зат шығатынын санаңнан шығармадың. Үшіншіден, сен ойлаған ісіңді жүзеге асырып дегеніңе жеттің. Дәл осы күні, әрине, сен ойламаған кедергілер кездесті. Сол кездескен кедергілерді сен бұғаулап, өз ырқыңа бағындырып, мағаналы өміріңнің фундаментін нығайта түстің. Ал енді бір сәт, ағайын, ойланып көрші. Өзіңнің және отбасының мағаналы өмірі үшін не болса да оң шешімін таба алатыныңа сендің бе? Енді сен білесің, табысты молынан тауып, сақтап және көбейту шаралары саған жақын. Ол үшін:
- Мақсатың болсын;
- Шешім қабылда;
- Тәуекелге бел буып, көңілге ұнайтын іспен шұғылдан;
- Арбамен қоянға қуып жетуге болатынын жадыңда сақта;
- Түймедей ден түйедей жаса;
- Жаңа жол салма, сүрленген жолмен жүр;
- Велосипед ойлап табам деме, мінген адаммен дос бол;
- Таусылмас табыстың қызығына тойма.
* келесі тақырып: Басты мәселе - жоспар