ӘР КҮНІҢІЗГЕ СӘТТІ ҚАДАМ №3

ӘР КҮНІҢІЗГЕ СӘТТІ ҚАДАМ №3
жеке
блог

08.01.2015

Қоршаған ортаның саған берер жемісі

Небір ғаламат оқиғалар біздің санамызға өз әсерін тигізіп, адамдарға деген сеніміміз, ақша деген көзқарасымызды өзгертіп жатады. Солардың бір кейіпкері ретінде басымнан өткен оқиғаға еске алып өтейін. Мен қарапайым ала таяғын ұстаған шопан  отбасынан тәрбие алғандықтан болар, көпшіліктің бірі ретінде байлық, ақша, табысты көбейту жөнінде ойланып көрген жоқпыз. Осындай ойсыз, мақсатсыз, бір күндік өмірмен, сіңірі шыққан қара кедей, көптің бірі болып жасым 33-ке толғанша өмір кештім. Қалаға алғаш рет қоныс аударған уақыт, жалдамалы пәтерде тұрдым. Араласып жүргенде аңғарағным, мазалаған бір сұрақ,  келесі айлық жалақы алғанша қарыз ақша сұрау. Жұмыспен қамтамасыз болғандықтан басым жағдайда менен қарызға ақша сұраушылар көп болды. Басында менде қызығушылық басым болды, мақтанышпен, болса қарыз беріп көмек көрсетіп жүрдім. Отбасы ұлғайған сайын менің де сұранысым көбейе түсті. Несие алу, қарыз алу деген іс әрекеттер менің берекемді алып бітті. Жоқшылық адамдарды бақытсыз қылып шектен шығарып жіберді. Бір күні мен де көптің бірі болып ота жасаттым.  Маған ота жасау  қымбатқа түсті. Амалсыздан тығырықтан шығу жолын жанталысып іздеу үстінде, маған алғаш рет «мен неге бай емеспін?», «менде неге ай сайын ақша жетпеді?», –деген сұрақтар мазалай бастады. Нәтижесінде мен ауқатты, байлықпен, сұранысты жоятын өмір сүру керек екенін түсіндім.  Қиял құшағында отырып өзіме-өзім миллионер боламын деп шешім қабылдадым.

* ертеңгі тақырып:  Бір ғана шешім қабылдау жеткілікті ме?