Ауқатты өмір сүруге сіздің қандай мүмкіндігіңіз бар?
Ағайын, қиял әлеміндегі өмір салтымен күн кешуге бізге кім кедергі? Неге біздер армандап, тон пішіп қойған мақсатымызға жете алмаймыз? Өйткені біздердің басым көпшілігіміз бай-ауқатты тұратын жағдай қалыптаспаған ортада өмір сүрудеміз. Мойындау керек үкімет бағдармалары біздерді жарылқай алмайды, шапанымды басыма тартсам аяғыма, аяғыма тартсам басыма жетпейдінің кері. Мектеп партасы біздің көкейімізді тескен сұрақтарға жауап бермейді: «Өмірде байлыққа жету жолдары қандай?» , «Байлыққа не тосқауыл?». Мектеп қабырғасы жалпы түрде білім береді, бірақ алғашқы миллионға қалай жету туралы жақ ашпайды. Сонда біздерді миллионер болуға кім үйретеді? Ата-аналарымыз ба? Басым көпшілігіміздің ата-анамыз шықпа жаным шықпа деп, айлық табысқа қарап отырған жандар. Оның үстіне қоғам талабы күннен күнге өзгерісте, сондықтан қол ұшын беретін жандар жоқтың қасы. Нәтижесінде біздер бақыт құшағына, басымыздағы қонатын байлыққа жете алмай жапа шегеміз.
Өмірімнің өзекті мәселерін сараптай келіп, мен мақтаныш сезіміне бөленемін. Мен өз мақсатыма жеткен, қомақты дәулетті жандар қатарында өмір сүріп жатырмын. Дегенмен, өмір бойы бойы осылай аспаннан түсе қалдым деп айта алмаймын. Менде де сенімсіздік, тағатсыздану мәселесі жиі болып тұрды. Дегенмен өмір күрес. Басты қаржы бостандығы үшін небір мәселе сұрақтардың жауабын тауып, шешім қабылдау әр мақсат қойған жанның өзіне бекітілген жауапкершілігі деп білемін. Ал сіз ойланып-толғанып, жүрегіңіздің қалауымен үндестіріп мақсат қоя ала аласыз ба? Олай болса қауіпсіздік белбеуін тағуды ұмытпаңыз, қыран құстай самғап ұшатын өміріңіздегі өзгеріске дайын бол. Ойлау – тежеуіш фактор. Сезім – жетелеуші фактор.
* ертеңгі тақырып: қоршаған ортаның саған берер жемісі