ӘР КҮНІҢІЗГЕ СӘТТІ ҚАДАМ №1
блог
06.01.2016
Сізге мақсатыңызға жету үшін не керек?
Сәл ғана санамызға ой жүгіртейік. Ойға келген қиял мен нақты өмірдегі сән салтанат бізге қарамақайшы екенін бәріміз білеміз. Біздің қиялымыздағы тұрмыс пен шынайы өміріміздегі бейнеміз жер мен көктей екенін бір мезет жан тәнімізбен сезінеміз. Қай-қайсымыз болсын тұрмысымыздағы сұранысты қанағаттандырып, бақытты, жайнаған өмір салтымен жүрегенімізді қалаймыз. Біздің көкейімізде әрқашан мақсатымызға қашан жетеміз деген сағымдай бұлдыраған елестер қылаң беретінін ешкім жасыра алмайды. Олай дейтінім, әрбір пенде жоқшылықты ұмытып, молшылықпен өзінің қиялындай ертегі әлемінде өмір сүруге лайық. Олай болса, ағайын сеніммен бір қадам алға басып, гүлденген болашақ табалдырығын бірге аттайық.
* ертеңгі тақырып: Ауқатты өмір сүруге сіздің қандай мүмкіндігіңіз бар?