Біздің дәуірімізге дейінгі 7-6 ғасырларда Эллада полистерінде қолөнер, сауда, ақшалай-заттық қатынастар жоғары қарқында дамып, осы себептердің негізінде өзіндік талап-мүдделері ерекшеленген әлеуметтік-мүдделлері ерекшеленген әлеуметтік топтар мен жүйелер пайда болды. Антикалық философия пайда болуына көптеген факторлар әсер етті. Алдымен Евпатридтердің билігі одан соң мемлекеттік тирания келген-ді. Сол кездегі адамдардың шығу тегі мен мал-мүлік дәрежелері бірінші орында болды. Одан бөлек Критмиркен, Гомерлік мифтік-діни көзқарастар және күнделікті өмір тұрғысынан тұжырымдалған данышпандардың ой-пікірлері бей-жай қалған жоқ. Сол замандағы грек ғұламаларының дедіктивтік тәсулдері де әсер еткен болатын.
Б.д.д. 7-6 ғғ. Діни мифтік көзқарастан ғылыми жаққа бет ала бастады. Осы кезең тарихта Сократка дейінгі кезең деп аталды. Екінші кезең классифкалық немесе Сократтан кейінгі кезең деп аталады.
Сократқа дейін қандай мектептер болды ма? Әрине болды, ол Кіші Азияда пайда болған Милет мектебі. Негізін Милет қаласында өмір сүрген жеті данышпан еді. Солардың ішінде Фалесте бар еді. Оның «Бастама туралы», «Күн туралы», «Күн мен түннің теңесуі туралы», «Теңіз астрологиясы» деген еңбектері болды. Бірақ, олар біздің күнімізге жетпеген.
Аристотельдің «МЕТАФИЗКА» еңбегінде, заттардың генетикалық бастамасын іздегенін, олардың сол бастамадан қалай пайда болғанын және содан қалай қайтып келетінін, басқаша айтқанда, денелердің өзгеруіне қарамастан, жалпы табиғаттың жойылмайтындығын жазған. Ал сол салада бірінші болып ізденгендердің бірі ол әрине Фалес. Фалес ілімі бойынша барлық денелердің бастауы – су. Бұл жерде су ол мұхит немесе нун. Барық денелер суда қалқып жүзеді деп ой жазады. Ал басқа жағынан ол ақыл-ой, осы тұрғыдан Құдай тектес деседі.
Фалестің ілімін жалғастырушы Анаксимандр болатын. Оның негізгі еңбектері: «Табиғат туралы», «Жер картасы», «Глобус». Соңғы екі еңбегі мүлдем сақталмаған, тек «Табиғат туралы» еңбегінің кей-бір фрагменттері сақталған. Анаксимандр барлық дене бастауын «субтанция» деп қарастырды. Бастаманы заттар түпнегізі апейронмен теңестірді.
Анаксимандр ілімі бойынша тіршілік теңіз бен құрлықтың шекарасы Айда, аспан отының әсерінен пайда болды. Алғашқы тірі жәндіктер теңзде өмір сүрді, одан бірнешелері қабыршықтарын тастап құрлыққа шыға бастады дейді. Осылай жануарлар пайда болды. Адам өсіп өніп сол жануарлар арасынан шыққан.
Анаксимандр табиғат заңдылығын логика арқылы түсіндірді. Оның шәкірті Анаксимен ілімін жалғастырған болатын. Ол барлық заттың бастауы – ауа. Ауа – шексіз апейрон деп қарастырды. Ауа әрдайым қозғалыста болады. Бір уақытта сұйық, бірде қоюланып әр түрлі заттар мен құбылыстар түзеді. Сұйық болса – алдымен отқа кейін эфирге айналады. Қою болса – желге, бұлтқа, суға, жер мен тасқа айналады деп айтады. Сұйық – жылылыққа, қою болуы – салқындыққа қарай дейді.
Анаксимен жер мен басқа аспан денелері ауада қалқып ұшып жүреді. Жер қозғалмайды, ал басқа денелер ауаның әсерінен ылғы қозғалыста болады.
Милет мектебінің тағы бір өкілі ол Гераклит. Оны терең ойлары үшін «ТҰҢҒИЫҚ» деп атаған. Негізгі еңбегі « ТАБИҒАТ ТУРАЛЫ». Осы еңбектің 130ға жуық фрагменті сақталған.
Гераклит барлық заттың бастамасын – от деп қарастырған. От мәңгі және құдай тектес. Әлемді құдай жаратпады, ол өз заңдылығымен от секілді бірде лапылдап бірде сөніп тұрады дейді.
Гераклит пайымдауынша, қарама-қарсы тепе-теңдіктер болғанда ғана болады, бірақ тепе-теңдік қарама-қарсылықтың күресі арқылы бұзылады да, дүниеге жаңа заттардың пайда болуына мүмкіндік береді
Гераклиттің ілімі ежелгі грек, әіресе стоиктер философиясына үлкен әсер етті, солардың арқасында бүкіл Батысқа таралады. Гегель, Ницше сияқты ғұламалардың еңбектерінде Гераклиттің көптеген идеяларын одан әрі дамытып, жалғастырады. Оның еңбегіне марксисттер де көп көңіл аударды.
Пифагор Самос аралында туып өскен,Мысырда, Вавилонда, Үндістанда, соңғы жылдарын «ҰЛЫ ЭЛЛАДА» Критон қаласында кешкен. Пифагор және пифагоршылар туралы Аристотель : «Олар математикамен шын мәнінде шұғылданған алғашқы ойшылдар. Пифагор тек қана математикамен айналысып қоймай, оның негізгі қағидаларын – сандарды жалпы әлемдік қағидаға айналдырған және сол сандардың арақатынасын, олардың арасындағы пропорцияны әлемдік үйлесімділіктің бейнесі ретінде көрсетті».
Пифагоршылар Гераклит сияқты ғарыш қарама-қайшылыққа толы дей отырып, олардың 10 жұбын атап көрсеткен болатын.
Элат мектебінің негізін салушы Ксенофан. Одан бөлек Парменид, Зенон, Элеаттар ілімі ежелгі грек философиясының дамауындағы жаңа қадам болды.
Ксенофан пікірінше барлық заттың бастауы – жер. Адамның рухы, жаны жерден пайда болған, ал судан бұлттар пайда болды деседі.
Милет мектебі барлық заттың бастамасын гинетикалық тұрғыдан физикалық қасиеттер бар десе. Ксенофан жер космостың түпнегізі ретінде біртұтастық деп тұжырымдайды.
Парменид болса болмыс пен бейболмыс тең емес. Болмыс тірі, бейболмыс өлі деп қарастырады. Олардың ақыл ойға қалай әсер етітінін олардың қатынасын ізденген болатын.
Бейболмыс болуы мүмкін емес, оны көзбен көру, танып білу сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бейболмыс болмағандықтан, болмыс жалқы түрде, біртұтас және қозғалмайды дейді.
Бұл тек Сократка дейінгі кезеңдерді қарастыра көптеген қазіргі қолданып, қазіргі ойлауға негіз болған нәрселер, сол көне антика заманында бастау алғандығы ғажайып дүние секілді, екінші жағынан бұл ойлаудың жоғары дамығанының көрсеткіші болып табылады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
философия және саясаттану факультеті
дінтану және мәдениеттану кафедрасы
2курс студенті Куан А.Е.
Жетекшісі: Кантарбаева Ж.У.
www.kaznu.kz