Ана болу - бақыт

Ана болу - бақыт
жеке
блог

Қазір жасым 28 де. Тұла бойым тұңғышым. Баланың осынша тәтті боларын білгенде ертерек тұрмысқа шығар едім деймін. Бірақ, еш өкінбеймін. Бәрі бір Алла қалауымен сәті енді түскен болар. 

Толғағым өте қатты болып, біраз есімді жия алмай жүрдім. Суықтапта қалдым, соның әсері бар. Қатты толғақтан адам стресс алады екен. "После родовой стресс" деп жатушы едіғой. Менде солай болған сиақты. Болмашы нәрсеге жылай беретін едім. Өзімді бүртірлі сезініп. Қазір Аллаға шүкір, есімді жиып, ана болу не екенін енлі ғана ұғына, сезіне бастадым. 

Бірде еміп отырып, қолымен қысып ұстап емгенде жүрегім елжіреп кеткені сонша ішімде бір қызық сезім болды, тұла бойым елжіреп емізген сайын бір керемет күйде болатын болдым. 

Ең кереметі, түнде емізу. Ең тәтті кезі түнде. Еміп болып керілген сәті. Ерекше сезімде боламын, емізіп болып құшақтағандағанымда оған деген бар қамқорлынымды сезетінінде. О, Аллам, бұдан асқан бақ барма. Шүкір етемін өмірдің керемет сыйын бергеніне.