Ана #2
блог
Жан сақтау бөлімі.
—Науқастың миына көп уақыт бойы оттегі жетіспеген...
Дәрігердің не дегенін ары қарай Айару ести алмады. Әкесі үнсіздігі жанына батты. "Бірақ, мен сияқты адамға не десін" деген ойлармен өз-өзін жазғыра берді.
Бір күннен соң анасы есін жиды.
—Науқас есін жиды, алайда белінен қатты соққы алғандықтан, жүре алмай қалуы әбден мүмкін және оның қанша уақытқа дейін созылатынын дөп басып айта алмаймыз,-деген дәрігердің сөзінен кейін дәлізді үнсіздік биледі.
Үй іші. Анасының бар жұмысы енді Айарудың мойнында. Кешегі қырсық мінез бен қыңыр сөзден түк қалмаған. Айналасы он бес күнде танымастай өзгерді. "Анам маған 15 жыл қалай шыдаған десеңші...".
Арада алты ай өтті. Анасы біртіндеп аяғына тұрып келеді. Айарудың бақыттан басы айналуда. Әрине үй щаруасынан құтылатын болдым деп емес. Осы уақытта ол бар дауысымен өзі ес білгелі айтпаған сөзді айтты:
— Мама, мен сені сондай жақсы көремін!
Әр ауыр сөз жүрекке тікенектей қадалады. Ал жүректі тікенек жаулап алса, онда ол жүрек еш мейірім көрмеген қара тастай қатады.