9 мамыр Ұлы Жеңіс күні «Апорт» молл өз келушілеріне үлкен қуаныш сыйлады. Жаңа «Hawaii fitness» жаттығу орталығының тұсауын кесіп, салтанатты түрде оның ашылуын жария етті.
Аумағы 1500 шаршы метрді құрайтын әрі заманауи тренажерлермен жабдықталған фитнес-орталықта ең мықты жаттықтырушылар клиенттерге қызмет көрсетеді. Танымал спортшы, зілтемірді жатып көтеруден РФ Примор аймағы мен Қазақстанның абсолютты чемпионы, халықаралық санаттағы спорт-шебері Константин Погодин аталған нысанға басшылық етеді.
Орталықтың салтанатты ашылуы барысында сөз алған К. Погодин жұртшылықты 9 мамыр – мереке күнімен құттықтай келе, еліміздің спорт сүйер қауымы үшін тағы бір керемет орталықтың ашылғандығын айтып өтті.
«Hawaii fitness орталықтың жұмысы отбасылық форматқа бағытталған әрі салауатты өмір салтын ұстануға бар қажеттілік ұсынылып отыр. Тіптен ең кішкентай клиенттеріміз үшін де уақытын ыңғайлы өткізуге бар жағдай жасалған. Мұнда ересектер мен балалар үшін арнайы топтық жаттығулар өткізіледі, сонымен қатар бокс, кешенді тренинг, кардио залдар да келушілерге қызмет көрсетеді», - дейді Константин Погодин.
Орталықта клиенттердің жайлы демалуы үшін бар жағдай қарастырылған. Ішінің безендірілуі, киім ауыстыру және жуынатын бөлмелерге дейін ойластырылып, ерекше үлгіде жасалған.
«Апорт» моллдың PR менеджері Алма Зикеннің айтуынша, Hawaii fitness сенімсіз қытайлық жабдықтардан бірден бас тартқан, орнына «FOREMAN» маркалы тренажерлерді жөн санаған. «Бұл жабдықтар Деннис Фелпстің бақылауымен өндірілетін жабдықтар, ол америкалық фитнес-индустриядағы жетекші мамандардың бірі. Бұл марканың ерекшелігі – сапасының жоғарылығы, қауіпсіздігі мен биомеханикасының ойластырылуы, сонымен қатар көп кешенді. Тағы бір айта кетерлігі орталықтың ауасы үнемі тазартылып тұрады, бұл келушілердің ауыр жаттығуларды еңсере білуіне жағдай жасайды», - дейді Алма Зикен.
«Апорт» моллда жұмыс істейтін Әлішер Қалиев жаттығу залының ашылуы бұқаралық спорттың дамуына өз үлесін қосады деген ойда. «Өзім осында жұмыс істеймін. Жаттығу залына баруға көбінің уақыты бола бермейді, ал бұл орталық бізге өте ыңғайлы болды», -дейді ол.
Салтанатты шара барысында Қазақстан эстрада жұлдыздары ән шырқап, би биледі. Атап айтар болсақ ҚР еңбегі сіңген әртісі Бақыт Шадаева, Асқат Тарғын, Ерболат Құдайбергенов, Әйгерім Қалаубаева, Бейбіт Күшғалиевтер халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Гиннес рекордтары кітабына еніп үлгерген, Мұрат Мұтұрғановтың жетекшілігіндегі «Smile» гимнасшылар тобы түрлі шоу көрсетті. Сонымен қатар, көптеген спорттық топтар өз өнерлерін көрсетіп, шеберлік-сағаттарын өткізді.