Әлеуметтік желі құрбандары немесе менің блог жазудағы бірінші қадамым

Қайырлы күн, достар!

Бұл менің бірінші блогым, сондықтан қателер үшін алдын ала кешірім сұраймын! Маған уақыт бөліп, оқиын деп жатқаныңызға рахмет!

Блогты адамдарға танымал болу үшін жазайын деп отырғаным жоқ. Ойдағыдан айырылмақпын. Ойда, шынымен-ақ, айтатын дүниелер жетіп артылатындай. Бірде, мектепте оқып жүргенде, қазақ тілі мұғалімі күнделік жүргізудің біраз пайдасын айтқан. Оған дейін ойда болса да, шын беріліп жазуды сол кезде бір-ақ бастадым. Күнделікке қолмен жазудан шаршауға да болады екен. Бұл менің бір жарым жылдық тәжірибемнен кейінгі түйгенім. Онымен қоса, блогты бастаe себептерімнің бірі.

Тақырыпта әлеуметтік желі жайлы жазамын деп уәде берген едім. Соны айтайын. Вк, фб, инстаның оң жағы мен сол жағын барлық адам өз ішінен қарастырып қойған болар. Немесе, кем дегенде, ол жайлы бір рет болсын оқыған болар. Сонымен мен бұны айтып, не үшін құрбан деген сұраққа жауап бермекпін. Кейбір адамдар әлеуметтік желідегі адамдардың пікіріне тәуелді болып өмір сүруі мүмкін... 

Менің өмірімде үлкен орын алатын адамның шын мәніндегі сөйлесу себебін сұрамағанда, ол адамды керемет деп есептеп жүре берер едім. Менің қателігімді ешкімнің қайталамағанын қалаймын. Әлеуметтік желілердің пайдасын ешқашан жоққа шығармаспын. Себепті сұрауға да алғышарт осы әлеуметтік желі болатын. Бір постта орыс ұлтты азамат күні бойы тек шындықты айтуға шешім қабылдапты. Шындықтың арқасында жалға алып отырған пәтерінен және жұмыс орнынан айырылғанмен, жарын тапқан. Ойлануға тұрарлық оқиға.

Оқиғаны толық жазған дұрыс болар. Осында ғана сақтап, бүкіл хабарламалар оқиғасын өшірмекпін. 

2015-тің Жаңа жыл күні бәрімізге танымал, немесе мектеп оқушылары арасында ғана, ОМТС группасындағы интерактив бойынша кейбір адамдарды Жаңа жылмен құттықтағанмын. Содан басында көптің бірі болып көрінген бір адаммен тынымсыз жазысып отырдық. Шыны керек, біраз нәрселер туралы ой алмасқанымызға өте қуаныштымын. Уақыт өтті. Көп уақыт өтті. Менің ойымның көп бөлігін алатынын байқадым. Соңғы үш ай жазыспағанбыз. Мен оның парақшасына кіріп, әрбір жаңа жазбаны жүз қайтара оқып, әрбір көрген суреттерін қайтадан көре беретінмін. Шынымен, менің басқа жұмыстарым болмаған ба?! Күлкілі және сол уақытта қайғылы. Жақында бір лайк басылды мен жақтан. Содан кейін хат келді. Ассаляму алейкум! Қалайсың?.. Осы типтес формалды сұрақ алмасудан кейін бүгін жазу себебін сұрадым. Жауап мені таңғалдырды деген жай айтылған болар. Менің күткенім болуы мүмкін жайларды асып кетсе керек. Жазу себебі-пікір алмасу екен. Жап-жақсы ғой. Бірақ, мен ешқашан әлеуметтік желілердегі адамдармен кездеспеймін, тек онлайн сөйлесу деп қалды. Керемет! Мұндай сөйлесудің қандай зияны бар дерсіз. Менің ойымша, зияны көп. Біріншіден, мен сияқты басы бос, әлі пікірі толық қалыптаспаған, махаббаттың дәмін сезіп те көрмеген адамдар менде ойы бар, немесе мен армандаған жан, деп ойлап қалу және шын өмірдегі адамдар мұндей керемет емес, осы жерде достар тауып, сөйлесе берейін деп шешім қабылдау ықтималдығы көп. Екіншіден, әлеуметтік желі идеологиялық қару екенін ұмытпайық. Өз мысалымнан, әлеуметтік желідегі адамдармен көріспей сөйлескен дұрыс емес деп есептеймін. Сонымен қатар, сол кісі сияқты ойлайтын адамдар онлайн пікірлерге тәуелді болса ше?! Жақсы, біз екі жылға жуық жазысқан соң ғана, ұзақ тексттер жазып, бір-бірімізге қатысты ойлар маңызды орын ала бастады. Бірақ... Көпшіліктің инстадағы комменттер үшін киініп, сәнденіп жүретіндігін ұмытпайық.

Бұл блогпен тым әсерлі, сонымен қатар, тізесі шыққан қорытынды болса да, соны жасамақпын.

Я, адамдар, біреудің разылығы үшін жүруді қоялық! Адамдарға көмектесуіміз керек болғанмен, бір адамның өзін-өзі бағалауы артсын деп, сол адамның айдауына көніп кетпейікші! Бір адам "Саған осы жарасады" деді екен деп, сол нәрсе дұрыс деп қалмайық! Алла разылығы бірінші болу керектігін ұмытпайық!



Бөлісу: