Әл-Фарабидің медицина жайлы трактаттары және бүгінгі телевизиямен сабақтасытығы

     

   Әл-Фараби бабамыздың медицина ғылымына үлкен мән бере қарап, зерттегені жайлы білеміз. Әсіресе теориялық тұрғыдан кеңірек қарастырған. Медицина жайында «Адам ағзалары жайлы Аристотельмен алшақтығы туралы Галенге қарсы жазылған трактаттар», «Жануарлар ағзалары», «Темпераменттер туралы», т.б еңбектері бар. Бұл еңбектері медицина пәнінің негізін  анықтауға мүмкіндік береді. Әл-Фараби өз заманында медицинаны «емдеу шеберлігі ғылымы» деп атады. Ол медицинаның тек аурулардың себептерін анықтаумен ғана емес, адам денсаулығын сақтау жолдарын, ауруды жою шараларын да іздеген. Әл-Фараби медицинаға көп көңіл бөлгендігі соншалық, адам ағзасының әрбір мүшелерін зерттегенін кейбір еңбектерінде айшықтап көрсеткен. «Қайырымды қала» еңбегіндегі жүрек жайлы айтқан ойларын медицинамен ұштастыра отырып шебер жеткізе білген. Өз пікірлерін ғана айтып қоймай Әл-Фараби өз кезегінде ұлы ойшылдар Аристотель мен Галеннің пікірлеріне де жеке көзқарасын білдіріп отырған. Сонымен, Әл-Фараби бабамыздың дүниежүзілік медицина саласына қосқан үлесі мен алғышарттары айтарлықтай. Бүгінгі ұрпақ өз бабасының осы жетістіктерімен мақтанып қана қоймай ары қарай жалғастырып, мақтанарлық дәрежеге жетсе екен.

   Елімізде ең басты құндылық – адам болғандықтан, адам өмірінің мәні мықты да салауатты денсаулықта. Сол себепті бүгінде өз алдына жеке арна болуға сұранып-ақ тұрған нақ осы – медицина саласы. Бірлі-жарым медицина жайындағы бағдарламалар жыртыққа  жамау болып жарытпайды. Бүгінгі ғасыр ғылым мен техниканың, цифрлық технологияның заманы болғандықтан медицина да сол көштен қалмай халыққа лайықты қызмет көрсетуі шарт. Ақпараттар ағынының көшінен қалмай, медицина арнасы ашылса ел тұрғындарының медициналық сауаты кемелденіп, дертіне шипа іздегендер өз қажетіне жарар ақпарат  алатын еді.



Бөлісу: