Ақбота-Нұр өмірлік серігі жайлы айтты
блог
Еліміздегі үздік гёрлзбенд-"Кешьюдың" күміс көмей әншісі,ересектілігінен еркелігі басым Ақбота-Нұр Сейтмағамбет "Гламур для дҰр" кинофильмінен кейін үлкен дауға тап болған еді.Нақтырақ айтсақ,ел аузында "Даурен Айдарқұлов пен Ақботаның арасындағы махаббат фильмен шынайы өмір шындығына айналды","Даурен 8 жыл тұрып келе жатқан отбасын:әйелі мен 3 баласын тастап,Ақботаға үйлену жайлы ұсыныс жасады" деген сынды қауесеттер пайда болды.Дәл осы сәтте Ақбота телеарналарға сұхбат беріп,"Кешьюдағы" орынын босататындығы жайлы,"гламурная дура" болып жүргенде өмірлік серігін кездестіргені жайлы мәлімдеме жасады.Продюсер Баян Есентаева да бұл мәселені Инстаграмыннан тыс қалдырмай,Ақботаның топтан кететіндігі,ана болатындығы жайлы жазбаны жариялады.Жұлдыздар өміріне қызыққан халық, тіпті,Инстаграм желісін дүрліктіріп,аяғынан тік тұрғызды.Әнші қыздың парақшасын біреулер иемденіп,Дауренмен кинофильм барысында түсірілген фотосуреттерге "жүрек,ғашықтар" эмоджиларын тіркеп,самсаған сары қолды жаңылыстырып қойған көрінеді.Сондықтан,Ақботаның Инстаграм желісіндегі аккаунтындағы фотоларға халық пікірлерін білдіріп,Ақботаның болашақ өмірін,әрекеттерін қызу талқылаған:бірі бақыт тілесе,екіншісі отбасын ойрандама деп,қарғап та жатқан.Кім біледі,мүмкін бұл Баян Мақсатқызының ұйымдастырған шоуы шығар немесе "Гламур для дҰр" фильмінің рейтингін көтеру үшін ұйымдастырылған жағдай шығар?Ол бізге белгісіз.
Орын алған келеңсіз жағдайды дұрыстап,Ақбота бірер күн бұрын жеке өмірі жайлы бар шындықты жайып салды.Ол Инстаграм парақшасына той көйлегіндегі фотосуреттерді жүктеп,"Қайырлы күн достар!Сіздерге өзімнің жеке өмірім жайлы айтқым келіп отыр!Ия,Ержан мен Али,Даурен мен ... бәрімен де қосып шықтыңыздар!Енді сіздерге айтарым:"Мен ешкімнің отбасын бұзған жоқпын!Менің Д.А-пен ешқандай қарым қатынасым жоқ!Кинода да маxаббат,өмірде де маxаббат болып кетіпті дегендерге: Ол кісіге қосуды доғарыңыздар!Менің тұрмысқа шығатын болашақ жарым,мүлдем өнер адамы емес!!!Ал,Даурен Айдарқұловқа келетін болсақ,ол өз отбасылық жағдайына өздері шешсін!Тек мені араластырмауларын сұраймын!Мен ешкімнің отбасын бұзған жоқпын!☝"
Әзірге әнші қыздың жүрегін жаулап,болашақ жұбайына айналатын ер адам жайлы ақпарат жоқ.Дегенмен,Ақбота мен Даурен арасындағы махаббат сезімінің жоқтығы ел арасындағы түсініспеушіліктердің тоқтауына әсер етті.
Дереккөз:https://www.instagram.com/akbotanur_live/