Сәлем, бауырым!!!
Ана жолғы Сенің айтқан сөзің жасымда қатты қалып қойды..."Сенің сөздерің өмірді сүріп, көріп, білім тастаған адамның сөзіндей"...
Иәәә, жасырмаймын, Мен біраз нәрсені көрдім...
Әкем Мен 18- ге келгенде өмірден озды. Бүгінге дейін, Мен не көрдім? Бұл сұрақтың жауаптары мыналар:
Кешірілмес саьқындықты, шынайы достықты, аштықты, тоқтықты, дос болып бетіңе күліп, артыңнан аузына келгенді айтқанды, қол беріп тұрып сөзінен тайғанды, өтірік туыс болғанды, барды бағалауды, тірлігіне қарай құрметтеуді, алдымнан айқара ашылған есіктермен, мұрнымның астынан "тарс" жабылған есіктерді, осыны қалай пайдаланып қалса екен деген ойлардың иелерін, жөнсіз мазақ-келекені, дарақы қалыңыз, босқа кеткен уақытты, әр минуттық қадірін білуді, келіншекті босандырып алуды, өмірден өткен адамның ешқашан қайтып келмейтінін, еңіреееп жылағанда жобаларға сөз табан адамның болмағанын, жарасым сынып, жақындарыма масыл болып жатқанда, сотресение алып, тоқтамай құсып, ешкімді есімде сақтай алмай қалуды, 1, 5 млн теңгеге лақтырылғанды, мылқаулармен салмақпен сөйлесіп жұмыс жасағанды, қырғыз, ұйғырлармен солардың тілінде сөйлесіп тіл табысқанды, қолығдағы бардан қас- шағымды сеніп тұрып айырылғанды, бөтен елде құжатымды жоғалтқанды тағыда басқа жаза алмайтын көптеген қиындықтарды көрдім...
Бұлардың бәрі Маған үлкен өмірлік сабақ болды!!!
Осындай өмірлік салмақты сынақтардан кейін әрбір сөйлеген сөзіме жауап бере аламын, аузымнан шыққан сөзімнің салмағын білемін!!!
Шамамның келгендерге сыйлаған адамды сыйлай аламын, ал ренжіткенді жақын адам деп қабылдай алмаймын...
Иә!!! Бұл МЕНІҢ ӨМІРІМ!!! МЕНІҢ ЖОЛЫМ!!! Сен Мені түсінуің үшін Менің жүрген жолыммен Менің аяқ киімімді киіп жүріп көруің керек...солай емеспе???
Мына қамшының сабындай қысқа ғана өмірде ренжімес тату төсек?!
Сені бауырым деп жақын тартатын, Әкем парақшада жақын тартатын. Бір ауаны жұтып, бір мектепке барып, бір ауылда өстік, бізге ең кемі осылар ортақ:)), ауылдар!
Әрине, Сенің де басыңнан өлкенің аз емес, иығына Алланың берген жеңілде - ауыр жүгі бар. Сен - Ер Азаматтың, көтересің, білемін, сенемін!!!
Мен қыз баламын, маңдайыма жауапкершілік ерте жазылды, Аллам Маған сол жауапкершілікті көтере алатын болғандықтан берген болар ; )).
Әкем де о дүниеде Маған риза болар, өзі жоқта ұзын ұяға, қызы қтяға қонды.
Саған айтып, жазуды жөн көрдім, ішінде қалса, өсіп, үлкенін үлкен ренішке айналар...
Ауызға келген түкірік, қайта жұтса мәкүрік демекші, бұлда бір оңынан болған наз болды ; )).
Жазғанымды пайымдап, түсінігіңмен саралап, ой елегінен өткізіп, Менің назымды шамаларсың, бауырым...
Ал, көріскенше аман бол! Байқуатты бол, бар бол!!!