Адамдық құны "150 теңге " болғаны ма?

Адамдық құны "150 теңге " болғаны ма?
жеке
блог

 Адамдықтың құны  "150теңге" болған ба?!

Туған-туыстың , аға-əпкелерімнің үйлеріне қонаққа барғанда үнемі қоғамдық көлікке отырамын. Қоғамдық көлікте отырып күйбең тіршілікпен жүрген адамдарды сыртынан бақылаймын. Бір сəт өмірге солардың көзқарасымен қараймын. Бүгін де əпкемнің үйіне барар жолда  әуен тыңдап, ойлану үшін қоғамдық көлікке отырдым.Орынға таласқан барлық адам. Жасы да, кәрісі де, ұлы да, қызы да орынға ентелей шапты...Менің назарымды аударған мына көрініс болды. Адам лық толы көлікте артқы орындықта жас ана мен 3-4 жас шамасындағы кішкене балақай отыр. Үлкен кісіге орын бермейсіз бе деген сауалға жас ана шаңқ етіп "150теңгесін" төлейміз,балам орнынан тұрмайды деді.Ұрпаққа қандай тәрбие берудеміз?Адамшылықтың борышын 150 теңгеге өтей салуды ма?!сол ой санамда саңқ ете қалды.Баласының жайлы отырғанын қаласа жасы 21-23 шамасындағы анаға неге тұрмасқа?!жоқ...кірпідей жиырылған ана мен алаңсыз балақайдан қайыр болмасын ұққан мен жанарымды арт жақтағы орындыққа жайғасқан жас балдарға бұрдым. Біреуі ұялымен арпалысып әлек,біреуі көзін жұмып құдды үйіндегідей жайғасып алған, ал қалғандары әдептіліктің ауылын алысқа жіберіп қарқ-қарқ күлкімен естері кетіп айналасындағы адамдарға зер шалар шамада емес. Жігіттік намыстары қайда?Үлкенге деген құрметтері қайда? Баратын жеріне жайлы баруы үшін ғана адамшылдықты ығыстырып қойғандары қай сасқандары?!

Жастардың селқостығын көрген қария тапжылмай бір орында тұра берді.Ендігі ешкімнің өз аялдамасынан бұрын тұрып орын бермесі де анық.Өз білігін білмегенге бола шашып үлкен кісі айғайлай бастады.Битке өкпелеп тонын өртегені қай сасқаны?өздігінен ұялып тұрмаған жасты сөз сөгеді деді ме екен?жастарға өкпелеп үлкендер солай көпшілік алдында мәдениетсіздікке жол берсе қайдағы "адамшылық" бізде?!

әуенім де, ойым да жайына қалды.Ой үстіне ой жамап аялдамамнан түсіп қала бердім...