Astana Opera тартуы
блог
Осы аптада астанамыздан арнайы Алматыға гастрольдік сапармен "Астана Опера" театры келді.
Жаңа театр есігін алғаш рет ашқан жылдары біз Астанаға арнайы барған едік. Театр туралы үлкен деректі фильм түсірдік.
Кейін театр гастрольдік сапармен Алматыға келгенде жетекші бишілермен де бағдарлама түсірген едім.
Сол үшін де Астана Опера өзіме сондай ыстық.
Абай театрында екі күн қатарынан гала-балет кеші өтті. Алғашқы бөлімде классикалық балеттерден па-де-де, заманауи отандық және шетелдік хореографиялық миниатюралар орындалды. Екінші бөлімде Раймонда Ребектің хореографиясындағы "Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?" бір бөлімді балеты ұсынылды.
"Дон Кихот", "Корсар" секілді балеттерді бұрыннан таныс болған соң, мен жаңа қойылымдарды көруге асықтым.
Қатты ұнағаны - Steppe Sons "Қорқыт" пен "Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?"
Мен мұндай балет қойылымын бұрын соңды көрмеген едім.
Керемет қойылымдар!
Steppe Sons "Қорқыт" қойылымында қобыз үніне қимылдаған балет артисттері ғажайып тылсым күштің бар екеніне сендіргендей. Балерина Еркежан Жүнісова сондай нәзік. Қобыздың әуезді әуеніне тал шыбықтай иілгенде денең түршігіп кетті. Мен сол тылсымға енгендей болдым.
Ал "Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?" балетін тамашалағанда тіпті басқа эмоцияда болдым. Балет әртісттері уақыттың қалай жылдам өтетінін көрсете білді. Сағат тілдерін бейнеленген балет әртістерінің аяқ-қолдары иілгенде уақыттың қол ұстатпайтынын, өткеннің қайтып келмейтінін ұқтырғандай болды. Кешегі күн оралмайтын, балалық, жастық шақтың қайта өтпейтінін көрсетті.
Барлығыны көз жүгірті, ой салатын тамаша қойылым!
Астанаға жол түссе міндетті түрде бұл қойылымды көруге асығатын боламын!
Мәдени іс-шараларды өткізуге рұқсат бергені қандай жақсы болды. Мейлі, санитарлық талап бойынша 30% деп шектеу қойса да оған да шүкір!