«60 мың АҚШ доллорын букмекерлік кеңсеге сыйладым».

«60 мың АҚШ доллорын букмекерлік кеңсеге сыйладым».
жеке
блог

Ойынға қалай кіргенімді білмей қалдым

Шымкент қаласының Данияр есімді азаматы өзінің басынан кешкен оқиғасын баяндап берген болатын. Өзінің өтініші бойынша туғандарына, туыстарына зияным тиіп кетер деген қауіппен тегін көрсетпеуді сұраған еді. Есімім Дарияр жасым 32 де, 1 ұлым, 1 қызым бар. Букмекерлік кеңселерге жоламас алдын, өзім жеке кәсіппен айналысатын едім. Нақтырақ айтсам «Кілем шығаратын фабрикам» болатын. Жағдайым сол кезде өте жақсы еді, басымда баспанам, астымда қымбат машинам бар еді.

Бір күні досым «кеттік сені ақшаның ортасына апарамын деп Олимпке әкелді». Бұндай букмекерлік кеңселерге бұрын-соңды жанына жолап көрмегенмін. Сондықтан бір жағынан қызық, бір жағынан ойымда артық ақша қалтамды теспес деген ой болды. Ақыры не керек жайлап ставка қоя бастадым. Бірде ұттым, бірде ұтылдым. Ставка қойып, ойындар ойнап жүргенімді үйдегі отбасым да, жақын туыстарымда білмейтін. Басында қорыққанан аз-аз ақшаға ставка қойып жүрдім. Ұтылып жатқан ақшаларым өзіме байқала қоймады. Қатты беріліп кеткенім сонша үй, отбасы, жұмыс бәрін жинастырып тастап, тек бар ойым қалайда ұтылған ақшамды қайтару болды. Бара-бара ойындарға деген тәуелділігем арта түсті. Қасымдағы жақын достарым райынан қатаруға тырысқанмен, мен оларға дес бермей керсінше төбелесіп, оларды балағаттаумен арамызды үздім. Негізі ойынға берілген адамдардың ойы ұтылған ақшасын қайтару немесе жеңіске жету емес екен. Жай ғана сол ойнаған сәтіндегі алған әсерін қайта сезінгісі келеді екен. Ойында сен неше түрлі күй кешесін қуанасын, қорқасын, уайымдайсын осы сезімдер саған лаззат әкеледі. Сондықтан қанша ұтылып жатсаңда сен ойынды ары қарай ойнай бересің.

   Бір сәтте кәсібім бfнкрот болып, отбасым менен теріс айналды

Ойындарға қатты беріліп кеткенім соншама жұмысыма баруды қойдым. Одан түскен ақшаны кәсіпке айналымға салудын орнына бар ақшамды ойынға ставкаға қойдым. Осылайша жұмысым құрдымға кетіп, әп-сәтте бар жұмысым тоқтады. Ставка тігіп жүргенімді жұбайым да біліп қойып, үйде айқай-шу басталды. Ақыр соңында менің ставка қойғанымды тоқтатпайтынымды біліп, бала-шағамызды алып, үйден кетіп қалды. Маған соңғы айтқан сөзі «Қашан сен осы ставка тігуінді, ойындарынды қоясын мен саған сол кезде ғана қайта ораламын деді». Ойынға беріліп астымдағы машинамды сатып, бар ақшамды ставкаға қойып ұтылып қалдым. Онымен тоқтамай басымдағы баспананы кредитке қойып, несие алдым. Одан да аз ақша ұтып, көп ақшаға ұтылдым. Жақын достарымнан қарызға ақша сұрап көрдім. Олар ствака қоятынымды біліп бермеді. Сондықтан алыс араласатын менің жәй-күйімді білмейтін достарымнан өтірік айтып ақша сұрадым. Осылайша қарызға белшемнен баттым. Сенсеңіз осы бәлеге жоламай тұрып салмағым 90-нан асатын, ал қазір 65 ке әрен жетемін.

Бір мүмкіндігімнен айырылдым

Осыдан 8-9 ай бұрын айым оңынан туып 5 млн тең ұтып алған болатынмын. Оның жартысын алған несиемді жапсам, асыма арзан болсын айдарға машина алдым. Қалған ақшаны қарыздарды жабуға салдым. Осылайша туықандарымның алдына барып барлығынан кешірім сұрап әйеліммен қайта табыстуымды өтіндім. Әйелімнің алдына барып енді букмекерлік кеңсеге жоламаймын деп ант су ішіп, тағы бір мүмкіндік беруін өтіндім. Сомен туысқандарымыз екеумізді қайта табыстырып, мен құр жүрмейін деп стройкаға жұмыска кірдім. Қолыма азда болсын ақша түсе бастады. Ал менің бұрынғы тәуелділігім қайта басталып, ойымда кеткен ақшаны қайтару болып, сол ақшаларымды қайта ставкаға тіге бастадым. Ал мен ұтыла бердім, ұтыла бердім. Ой-сананы жеңген құмарлық өзінің дегенін істетеді екен. Сонымен үйде ақша тапшылығы қайта басталды. Бұрынғы әрекетімді бастағанымды біліп, әйелім менімен мүлдем ара-қатынасын бұзып, ажырасуға арыз берді. Міне тағы да отбасымнан айырылдым. Енді қайта қосылуға олда көнбес, менде де оны сұрауға бет жоқ.   

Басында букмекерлік кеңседе 17-18 жасар жасөспірімдерді көргенде таң қалдым

30 дан астап, ақыл тоқтатқан менің өзім осындай ақымақтыққа барып отырмын. Ал мен сол харам жерде 17-18 жас балаларды көргенде не жыларымда, не күлерімді білмедім. Қазірден осындай зиян заттарға әуес болып өссе, онда алдағы болашағы қалай болады екен деген ой мазалайды. Қазір олардың ой-санасы бұндай зиян заттарды тез қабылдайды емес пе? Сондықтан осы жағынан заң бойынша қатаң тәртіпке алғаны дұрыс.

Жалпы алғанда букмекерлік кеңсеге 60 мың АҚШ доллорды сыйлаппын. Бұл ақшаны жинау үшін қаншама уақытым, еңбегім жай ғана желге ұшты. Мені қазір қатты қынжылтатыны осы.  

[1]- Алматы каналы