45 мың теңге ... бір ұрпақ

Айдос пен Ақерке қыз бен жігіт болып жүргендеріне біраз жыл болды. Екеуі жайлы таныстары көрген сайын  «жарасымды жұп», «қос ғашық» деген сөздермен олардың сезімін одан әрі ұштастыратын.

        Ақерке биыл 18 жасқа толатын бойжеткен. Болашақ мамандығы хореограф. Үйі оқитын жерінен алыс болғандықтан, жатақханаға орналасқан. Ата-анасы көз алдында емес, бір сөзбен айтқанда өз өмірі өз қолында. Ал, Айдос болса жоғарғы оқу орнын тәмамадаған мұғалім. Жасы жиырма төрт шамасындағы сері жігіт пәтер жалдап тұрады. Ақерке бірде жатақхананы түнесе бірде Айдостың пәтерін паналайды. Екеуі ерлі-зайыпты отбасы ретінде өмір сүрді. Басында өздерінің қандай қателікке бой алдырып жүргендерін сезбеді. Олар үшін әрбір таң қуанышпен атты. Бір-біріне деген сезім одан әрі өршіді. Екеуі үшін бұл күндер мәңгі жасайтындай көрінді...

      Бірде Ақерке сабақ үстінде басы айналып, жедел жәрдеммен аудандық ауруханаға жеткізіледі. Дәрігер аяғының ауыр екенін, жақында нәрестелі болатынын айтты. Өмірінде естімеген жаңалыққа бойжеткен не жыларын, не күлерін білмей сіресіп қалады. Бұл жаңалық Айдостың мінезін өзгертіп жібереді. Жауапкершілік, істеген ісін мойнымен көтергісі келмегендіктен Ақеркені қалалық ауруханаға жеткізеді.

       «Әлі екеуіміз жаспыз. Басымызда баспанада жоқ. Сен оқуыңды бітірген жоқсың. Ата- анамызға да айтқан ұят. Оданша баланы алдырайық» деген ой тастайды Айдос ақылгөйсіп Ақеркеге. Содан екі ойлы Ақерке УЗИ-ге түседі. «Баланың жүрек соғысы жақсы, қозғалуы, дамуы қалыпты. Нәрестенің жынысы – ұл. Мерзімі 18 апта. Жасанды түсік жасауға келмейді. Өзміздің дәрілеріміз бар. Босану нәтижесі арқылы балаңызды аламыз. Істейтін жұмысымен алатын дәрілерді есептегенде 45 мың теңге қаражат кететінін» дәрігер екі жасқа жеткізді. Айдос тездетіп баладан құтылуды ойлау барысында, достарынан ақша сұрап дәрігерге ұсынады.

        Сөйтіп, сап-сау баланы 45 мың теңге арқылы бұл дүниеден жоқ қылады. Ақеркенің бойында ешқандай ақау болмағандықтан, ауруханадан шығарады. Қолында жүрек соғысы жоқ нәресте, естен кетпейтін қателік, қолынан түк келмейтін қорқақ Айдоспен көлікке отырып, зират басына жол тартты.  Бұл оқиғадан кейін Ақерке мен Айдос екеуінің аралары суып кетті.

      Айдос жауапкершілікті сезіне алмайтын, дүниені ойлатын жігіттер қатарынан табылды. Осындай ер адамдар қоғамның бұзылуына үлкен үлес қосуда. Қанша қателікті жіберсе де, ұятты болған қыздың болашағында қайтадан ана болу бақыты жазыла ма, белгісіз...



Бөлісу: