Қоғам қорған бола алама?

Қоғам — бұл бізді қоршаған айналамыз,  ата-анамыз,  мектептегі мұғалімдер, сыныптастар мен достарымыз.  Қазіргі заманның қоғамына әлеуметтік желілердің де  тікелей қатысы бар. Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет,  біздің жерімізде көптеген ұлттар мен ұлыстар мекен етеді.«Әр елдің салты басқа,  иттері қара қасқа» демекші,  әр ұлттың өзінің мәдениеті сақталған. Қанша түрлі халық тұрса да, бір аспанның астында тату-тәтті  өмір сүріп жатырмыз. Алайда,  қазіргі таңда отбасы құндылықтарын сақтамайтын адамдар да көбейіп кетті.  Ол дінге,  ұлтқа байланысты емес. Адамның сана-сезімі мен көрген тәрбиесі,  қоғамға да байланысты.

Менің ойымша, адамға қоғам қорған бола алады.  Себебі,  баланы ата-анасы тәрбиелесе,  жасөспірімдер мен ересектерді қоғам  тәрбиелейді. Қателеспейтін пенде болмайды,  сол қателіктер арқылы адам түзеледі. Алайда,  тұрмыстық зорлық-зомбылық  ол адамдардың пейілінің тарылып,  мейірімділіктен жұрдай болып бара жатқанынан деп ойлаймын

Әлеуметтік желіні ашып қалсақ,  жағаңды ұстатар жаңалықтар көбейіп кетті.  «Аң-екеш аң да, мал-екеш мал да төлін жанын сала қорғайды»,  оның қасында біздер адамдармыз ғой,  сана-сезімі бар,  екі аяқпен жүретін,  жүрекпен сезіп,  тілімізбен сөйлеп жеткізетін адамзатпыз. Қалайша,  аңнан төменгі дәрежелі ойдағы қалыпқа түстік екен. Өз баласынан безген без-бүйрек аналар көбейіп кетті, өз қызын қорлайтын әкесымақтар,  өзгенің өмірін қия салатын жасөспірімдер бүгінгі күні көбейіп бара жатыр. Бұған қоғам қорған бола алады ма?! Қоғам жоғарыба айтып өткенімдей,  ол сіз бен біз. Сондықтан, қоғам тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қорған бола алады.

Біріншіден,  «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші,  ең алдымен баланың тәрбиесін ең басты орынға қойсақ дұрыс болар еді. Бүгінгі таңда бала тәрбиесі ақсап тұр деп айта аламыз.  Аналарымыз балаларын тастап жұмысқа шығуға мәжбір,  баланың әлеуметтік жәрдемақысы бір жарым жасқа дейін ғана төленеді. Одан кейінгі жаста оны бағып,  тамағын тауып, жайлы өмір беру үшін ата-анасы жұмыс істеуге мәжбүр болады.  Солай бала ата-әжесінің қолында қалады немесе бала-бақшаға барады. Ал,  менің ойымша бес жасқа дейін бала анасының қасында болуы керек.  Сандық бұл қоғамға тікелей байланысты,  әлеуметтік жәрдемақыны ең болмағанда үш жасқа дейін төлеу керек  деп ойлаймын. Сонда бала мейірім мен махаббатқа тойып өсер еді.  Көптеген жасөспірімдердің бұзақылық қылықтары сол отбасылық жылу мен махаббатқа тойып өспегдіктен басталады. Әлеуметтік желілерде тарап кеткен бірнеше оқиғаларды бүкіл Қазақстан көргені анық.  Қыз баланың өз сыныптасын аяусыз ұрып,  оны қорлап жатқанын көріп жүрегім қарсы айырылды.  Менің қатарластарым шығар шамасы,  соншалықты қатыгез болатындай,  аяусыз ұрып жатқан қолдары мен қасында қарап тұрғандардың көздері қандай тәрбие көрген сонда. Малды сойсада,  қаны шыққанға қарай алмайтын қыз балалар емеспе?! Қалайша мұндай жауыздыққа барады.  Бұның барлығы сол мейірімнің жоқтығы,  тәрбиенің дұрыс берілмеуі, ата-анасын сыйламағандық деп білемін. Тәрбие көрген бала,  ата-анасын жерге қарататындай  әрекеттер жасайды деп ойламаймын. Бұл барып тұрған қатігездік,  не өзіңді,  не өзгені сыламау.  Осы сияқты көптеген жағдайлар болып жатыр біздің қоғамда. Оған қоғам қорған болуы үшін адамдар өздерін түзеуі керек.  Қарапайым мысал,  көшеде төбелесіп жатқан оқушылардың арасына түсу,  сыныпта жанжалдасып қалғандарды тоқтату,  сөзге келіп қалғанда даң шығармай ақылмен шешуге болады.  Сондай-ақ,  адам өздерін дамытуға көңіл бөлсе,  кітап оқып,  спортпен шұғылданып,  өзіне ұнайтын қосымшаларға биге,  вокал,  домбыра.  Қазір үкімет,  балалар үшін барлық жағдайды жасауда.  Осындай пайдалы нәрселермен айналысса, сондай қатыгез болмас еді деп ойлаймын.  Әлеуметтік желілер мен қатар онлайн ойындар,  соның ішінде 3д атыс- шабыстар жасөспірімдер арасында өте кең тараған.  Сол ойындар жастардың миын улайтындай көрінеді,  ойынға кіріп алып,  бір-бірін атып,  қан шығарып,  қызықтап қарап отыра береді,  адамның бойы үйренгесін ойы да үйренетіндей үрей тудырады.  Осындай ойын ойнап,  өз анасын өлтірген жасөспірімдер болды біздің қоғамда.  Бұл өте ауыр жағдай.  Өз анасын өлімге қиып,  қарап тұру жауыздық деп білемін.

Екіншіден, солай тәрбиені игермей,  махаббатқа тоймай өскен жасөспірім кейін есейіп үй болады,  отбасын құрады.  Сол кезде ол балаларына қандай тәрбие береді.   Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетіп,  отбасын ойрандап,  балаларына қорлық көрсетіп жүрген әкесымақ пен без бүйрек аналар осындайлардан шығады. Өзі дұрыс қалыптаспаған адам,  кейінгі ұрпағына дұрыс жол көрсете алмайды.  Біздің елімузде отбасы құндылығы мен мәдениеті туралы тәрбие ақсап тұрған сияқты. Бір кездесіп үйлене салатын,  жастық шақтың буымен махаббат деп ойлап отбасын құра салатын жастар көбейді.  Оның ақыры тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұласып,  артынан ажырасу көбейіп кетті.  Қазақстан әлем бойына ажырасудан алдыңғы қатарда тұрған елміз,  бұл өте ұялатын және бей-жай қарамайтын мәселелер. Сондықтан,  отбасылық құндылықты түсіндіретін,  отбасы деген екі адамның біріп еңбек ететін өмір жолы екенін түсіндіретін коллердждерге, жоғарғы оқу орындарына арнайы пән қосылуы керек деп ойлаймын.  Бұл қоғамның қорған болуының алғы шарттарының бірі болар еді. Сөзіме дәлел,  тағы да әлеуметтік желіден мысалдар келтіріп өтейін,  қызын өлтіріп,  көміп тастаған ана,  ана деуге келмейтін құбыжық.  Қызын қорлаған әке,  әке деуге келмейтін хайуан. Міне,  осындай көбейіп кеткен адамның қылығына жатпайтын құйтұрқы әрекеттер біздің қоғамда орын алып жатыр.  Бұл халқымызға келген қауіп. Кезінде ата-бабамыз ашаршылықпен сыналған,  қазіргі қоғам тоқшылықпен сыналып жатыр. Тағы да дәлел,  бұндай арсыздықты қоғам болып тоқтата аламыз.  Көргенсіздікті көрсек,  бірден тоқтатуға тырысу керек. Ал,  негізінде оны мүлдем болдырмауға әрекет керек,  оның алдын алып,  адамды мәдениетке,  мейірімге тәрбиелеу керек. Отбасындағы зорлық-зомбылық сол мейірімсіз,  қатыгездіктен болып жатыр.  Адамдарға  білім жетіспейді,  рухани азғындап бара жатыр. Өзі мәдениетсіз адам,  балаларына не үйретеді.  Білгенін істеп,  балаларын басынып,  қоғамда қорлық көрсетіп жүргендердің көбінің санасы сондай төменгі дәрежеге жеткендер. Сондықтан,  өзімізді жөнге салудан бастауымыз керек. Әр адам қателіктерімен жұмыс жасап,  өз-өзін тәрбиелесе,  қоғамда сол арнаға қарай ауысар еді. Осындай,  көптеген мәселелерге қоғам қорған болмаса,  біздер құримыз,  болшағамыз жоқ деген сөз.  Дегенмен,  мен  болашағымыздың барына, қоғамның қорған болатынына сенемін.  Қазірдің өзінде  үкімет  нәзік жандылар мен балалардың құқығын қоғау аясында заңды күшейтуде. Отбасылық жанжалдар,  тұрмыстық зорлық-зомбылққа құқық қорғау органдары араласа алады. Бұл біздің заң аясында да,  қоғамда да қорғала алатынымыздың белгісі. Бұндай жағдайлар болмау үшін үгіт-насиғатты,  жастарға отбасылық мәдениетті кеңінен дәріптеуіміз керек.

Үшіншіден, қоғамның адам баласына әсері өте күшті.  «Ауылдағының ойы, ауылдасынан аспайды» деген бар қазақта.  Ойымызды өсіріп,  санамызды дамытуға бізге көп білім алуымыз керек.  Білім тек сабақты оқумен шектелмейді.  Білім  — олл кітап оқу,  білім ол өнерді игеру,  адамдармен дұрыс қарым-қатынас жүргізе білу,  сауаттылық,  мінезді қалыптастыру,  жақсылықты үйрену,  жамандықтан жирену.  Өз армандарымыздың орындалу жолында іздену,  еңбек ету.  Бұның барлығы білімге жатады. Қоғамда болып жатқан зорлық-зомбылықтың барлығы сол білімсіздіктен болып жатыр.  Сондықтан, жасөспірімдерді тек білімді алуға,  оны игеруге және өмірде қолдана білуіне шақырамын.

Шәкәрім Құдайбердіұлының:

«Біреудің мінін көргенше,

Жамандығын тергенше,

Өз ойыңды мазалап,

Өз бойыңды тазалап,

Өзіңмен алыс өлгенше!» —деген  өлең жолдарынан өзіңді тәрбиелеуден асқан ештеңе жоқ екенін көруге болады. Қоғамды қалыптастыратын біздер.  «Досыңның кім екенін айт, сенің кім екеніңді айтамын» деген бар,  сондықтан достарымыздың жақсы болуы,  біздің ортамыздың жақсы болғаны, яғни,  қоғамның кішкентай болсада бір бөлігінің демеушісі деген сөз.


Қорытындылай келе,  қоғам қорған бола алады демекпін.  Айтып өткен көптеген мәселелерді адамдар өз қолдарымен жасап отыр.  Сондықтан,  оны түзейтінде адамдардың ортасы яғни, қоғам.  «Сын түзелмей, мін түзелмейді» дегендей,  қателікті мойындап,  түзетуге қоғам болып тырысуымыз керек. Мәдениетті,  білімді,  білікті жастар қоғамды жөнге салары сөзсіз. Сондай-ақ,  бойымызда қалыптасқан қазақы болмысымыздан айырылмау үшін шетелге көп еліктеудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Тәкәппарлық пен мейірімсіздік жасөспірімдерді құртатын осы екі нәрседен қашық болсақ,  артымызда өсіп келе жатқан інілерімізге үлгі,  ата-анамызға мақтан болар едік. Еліміздің ертеңі мен бүгіні үшін қоғам болып қолдан келгенімізді аямайық!



Бөлісу: