Мұхтар ШЕРІМ.  Бүгінгі сатира. ІШПЕЙМІН ДЕДІМ ҒОЙ!

Мұхтар ШЕРІМ.  Бүгінгі сатира.

ІШПЕЙМІН ДЕДІМ ҒОЙ!

–Қане, досым алып қой,

Аузыңа салат саллып қой,

Өзім баяғыдан ішем,

Досыңды мына, танып қой.

Сен... Сен мені түсін,

Денсаулық үшін!

–Ой, ішпеймін,

Жарайды, наннан тістейін.

Ішкім келмейді,

Енді не істейін?

Әбден тойып кеткем,

Ренжіме, қойып кеткем...

–Мә, қолыңа ұсташы,

Жәй, бір ұртташы?

–Туу, осы сенде күнде той,

Ішпеймін  дедім ғой!

–Досым, алып қой,

«Ішпеймінді» дәл қазір,

 Қалтаңа салып қой!

Доспыз ба?

–Доспыз.

–Кешке дейін боспыз ба?

–Боспыз.

–Давай, лақ–лақ еткіз,

«До конца» жеткіз!

–Ішщсем, құсам,

Шымшық болып, ұшам

–Оой, сусын ғой, «Кококола»,

Қумашы, соған бола!



Бөлісу: