ҚАЛАДАҒЫ АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖИЫН ӨТТi

Кездесуге партия филиалының Атқарушы хатшысы Арман Басаров, қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Мұратша Төнтеков және тыл және еңбек ардагерлері қатысды.
Кездесуде партия филиалының Атқарушы хатшысы А.Басаров партия жобасы аясында атқарылған жұмыстары туралы ардагерлерге баяндап өтіп, алдымен ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі қоғам атты» жолдауын талқылап, Жолдауды халық арасында кеңінен түсіндіру жұмысы жүргізілгенін атап өтіп, жолдаудағы өзекті мәселелер талқыланды. Қалалық мәслихат хатшысы Т.Балабиев Халықтық коалицияның форумында ҚР Президенттігіне кандидат ретінде Қ.Тоқаевтың кандидатурасы ұсынылғанын атап өтті.



Бөлісу: