Жаныма жақын досым

Менің достарым көп. Өкінішке орай барлығы бірдей адал деп айта алмаймын. Кейбіреуі пайда үшін, көмек үшін жай ғана уақытша адамдар. Керек кезде пайда болып, ал менде қиындық болғанда,сырт айналып, жоқ болып кетеді. Мұндай адамдарды дос дей аламын ба? Әлде жоқ па? Мен кімнің не үшін жүргенін білсем де суық қабақ танытпаймын. Керісінше ақымақтарша көмектесуге дайын тұрамын. Бұл ақымақтық па? Әлде тым ақкөңілділік пе? Өзім де білмеймін. Мұндай адамдаға кейін ақыл кірер деген үмітпен істеген қателігін ұмытып, күліп қарап, қол ұшын созамын. Кейде оң нәтижесін берсе,кейде мүлде жаман болады. Иә,өмір ғой.

Бір қуантарлығы менің сенімді,адал жалғыз адамым бар. Мен оған бар сырымды айта аламын. Себебі ол мені ешқашан қиын жағдайда тастаған емес.Әрдайым көмектесіп,жанымнан табылады.Осындай жалғыз жан серігімнің барына қуанамын. Бірге күліп-ойнап жүрген әр сәтіміз мен үшін ерекше. Ол маған байлықтан да, басқадан да артық жалғызым.



Бөлісу: