Депрессия деген не?

Жасөспірімдер депрессияға сирек түсіп жатады. Мұның сыры неде? Алдымен депрессияға қысқаша мәлімет беріп өтейік.

Депрессия дегеніміз-адам баласының ойлау жүйесіндегі басты қорқынышы.Бір нәрсені тым қатты ойлап,тіпті оны үлкен мәселеге айналдыру. Ісінің жүзеге аспай қалуы, өміріндегі қиындық, бәрі-бәрі өзіне тікелей әсер етеді. Өтпелі шақта өтіп жатқан өмірінің кезеңдері оған үлкен проблема болып табылады. Өзіңе сеніп, өзгеге жақсылық жасап, тек қана ізгі нәрсені жаның қалап, жүрегіңмен сезініп, бақытты шақты еске алып, бұл өмірдің қиындығы жәй ғана сынақ екенін естен шығармау керек. Әр нәрсенің өз хайыры бар. Депрессия мен стресс ұғымының мағынасы бір сияқты көрінгенмен, әркім әрқалай түсінеді. 

Досым,сен бұл өмірге қайтып келмейсің.Бұл өмір-мәңгі емес.Кішкентай ғана қиындықты өзіңе қашанғы үлкен жүк қылып алып жүрмексің? Өзіңе демеу бол. Жақыныңа жанашырлық таныт. Өзіңнің бұл өмірде орны бөлек жан екенініңді ұғындыр. Сен бөлексің, тұлғасың! Тек жақсылық ойла. Сонда ғана депрессия түгілі бар қиындық атаулысына төтеп бере алатын боласың. 

Тек өзіңе сен!Мен саған сенемін.Сен бәрін жеңіп шығасың.



Бөлісу: