"Есірткісір өмір ғажайып!" #ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына

" Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп,

қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім- жақындарына

туған-туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады" Н.Ә.Назарбаев

Есірткі деген тақырып қозғалса, әдетте адамдардың  ойына есірткі, соны пайдаланатын нашақор адам түседі. Ал, менің ойыма ең басты мәселе біздің болашақ өміріміз. Біздің болашағымыз қандай болады екен? Ата-бабаларымыздың шелектеп төккен қанының, терінің арқасында бізге жеткізген елін, жерін біз келесі ұрпаққа жеткізе аламыз ба? Егер жеткізсек, қандай күйде. Міне, осы сұрақтың шешімін  тапқым келеді.  Менің өмірге, қоғамға қызығушылығым өте жоғары.  Сондықтан, мен есірткісіз өмірді қалаймын. Қай адамның болмасын жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады. "Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі"- деген сөзід көп естимін.  Ойланып қарасам, шынында да отбасында алған, көрген тәрбиемізді қоғамдық ортада көрсетеді екеенбіз. Кейбір балалардың мінез-құлықтары тіпті оғаш көрініп тұрады. Неге? Әрине, тәрбиеден. 

        Адамның  жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп туған  үйдің жылуы-оның көкірегінде  көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы- шағын мемлекет.  Отбасында бала алғаш рет  өмірмен, қоршаған ортамен танысады. Отбасында көрген тәлім, жадына тоқыған тәрбиенің арқасында бала көкірегі ояу, есті болып өседі.  Сондықтан, отбасы өт қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.  Отбасы-сыйластық, жарастық орнаған орта деп ойлаймын. 

         Қазіргі таңда есірткінің зиянын біле тұра, оған қарсы шығуға дәрмені жетпейтін жастар көбейді. Тек қана жастар ғана емес, ересек кісілер де, өз жасында балаларына үлгі болудың орнына, кері кетіп келешек ұрпақты улауда. Есірткінің адам денсаулығына тигізер зияны көп екені бетке басып айтпасада, әуел бастан анық. Жалпы айтқанда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтады. Өйткені, бұлардың құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар да бар.  Отбасында жылылық көрмеген жан "әринеә жылылықты осы есірткіден іздейді. Бір шырмалаған жанның онан құтылуы оңайға соқпайды. Алғашқыда жансызданып, сезімденіп бүкіл жамандықты ұмытқысы келіп, рахат сезімге бөленеді. Содан соң ол әдетке айналып, еш арыла алмайтын дәрежеге жетеді. Ал одан саналы, салауатты ұрпақ дүниеге келе ме?.... Әрине, жоқ. Сондықтан да есірткінің алдауына түсіп қалмаған жөн. 

        Отбасы -береке -бірліктің қайнар көзі. Отбасының бірлігі-Отанның бірлігі, ағайынның татулығы-Атамекеннің тұтастығы. 

      "Ел боламын десең, бесігіңді түзе" дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді  жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал, барлық жжігер, қайрат, елімізідің  болашағы тек жастардың қолында. 

#ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына

#upndpkzo



Бөлісу: