24 сағат үнсіздік
#Қазақтыңтойыбітпесін
-деген қазіргі instagram желісіндегі біздің елде ең көп қолданылатын хэштегпен бастауымның себебі,жалпы оқиға желісі осы тойдын арқасында құрылғандықтан дұрыс көріп отырмын. Бұл оқиға осыдан үш жыл бұрын орын алған.
Ол кезде ас бөлмесі де,кіреберісіде 18 кв.м ішінде әкем,анам,мен,сіңілім,інім және қырқынан енді шыққан біздің кенжеміз,сонымен қоса нағашы сіңілім Нұргүл өмір сүргендік, қалай сыйдыңыздар?-деп Астанада тұрып жатқандар сұрамасы анық,бірақ сондада жауап берейін «тіпті білмеймін»сол жердің тарлығы қонақ шақырғанда байқалмаса, «жұрттар»айтпаса сезінбейтін де едік. Осы айдың 6-сы нағашы ағаларымның тойы,анам енді босанғандықтан баламен бара алмайтын болды,ал әкем анамсыз қайын жұртына баруға сескендіме екен білмеймін,ол да бармаймын деп шықты,жебенің ұшына үйдің үлкені болғандықтан ілінетін «мен»,Нүргүл екеуміз ол кезде университет оқимыз ол бірінші курста,мен екінші курспын оқуымыздан сұранып,жалпы «Астанада бір күн жұмыс істемесең аш қаласың»-деген современный нақыл сөз бар аталардан қалған,кәмелет жасқа толған соң екі қолды бірінің үстіне бірін қойып отырған дұрыс екенін ескеріп.Сол уақытта ата-анама көмектесейін деп жұмыс жасап жүргенмін, жолға уақыт кететіндіктен жұмысымнан сұранып,тойанамызды алып сіңілім екеуміз арқаланып жолға шықтық.
2013 жылдың қараша айының 4-ші жұлдызы.
Астана уақыты бойынша кешкі 21:00 дегі «Астана-Сарыағаш» пойызымен шырайлы Шым қаламызға жол тарттық,күннің салқындығына қарамастан вагонның іші ыстық,сіңілім екеуміз қасымызға қандай адамдар жайғасады екен деп үрейлене аса қатты қызығушылықпен күтіп отырмыз бір кезде аже кіріп келгенде көңіл-күйіміз түсіп қалғандай болды,(енді жас қыз-жігіттер болса уақыт тез өтіп ойнап күліп баратын деп ойлағанбыз ғой 24 сағат Шымкенттке дейін жол оңай емес).Ажеміз осал адам емес екен күткен жастарымыздан да асып өтті,өте жайсаң кісі болып шықты Арқалық театрының белді актрисасы, қойылым постановщигі ,ажемізбен әңгімеміз жарасып,купеміздегі төсек орындарымызды сала бастадық,ал енді ажемізбен қосылып алып 24 сағаттық төртінші туысқанымызды күтіп отырғанда ,бір жігіт асығып кіріп келді.Қоңырлау плащь киіп ,мойнына қоңырлау торлы Louis Viotton немесе Gucci-дің ба жеңіл шарфын іліп алған бойы ұзын ,сүйкімді,шашы бұйралау,жылы жүзді ,өзі тіпті актердан аунымайды.
- Мен баламен едім көрші купедегі үстіңгі орынмен ауыса аласыздарма деп өтініш айтып келді.
- Мен болсам сіңілімді жалғыз қалдыра алмаймын әйтпесе ауысар едім-деп жауап қаттым.ішімнен (ойбай-ау баласы бар ма?-деп бойымды қорқыныш билей бастады).Жаңа күтіп отырған төртінші кісіміздің апкесі көрші купеде екен,ол кісімен ауысып ,жаңағы жігіт кішкентай қызбен біздін қасымызға орналасты.
О,тоба мына кішкентай періште қызымекен –деп білгім келгеннен жарылып кете жаздап ,аже сұраса екен деп тіленіп отырмын.Бір кезде ажеміз сұрақты жаудырғанда көңілім орынына түсті.
Өздері Кентаудын тумалары екен,бірақ Астанада тұратын болып шықты өзі 89 жылғы ,қаладағы ең белді университеттің бірін инженер маманы болып бітіріп,қазір Назарбаев Университетінде инженер болып жұмыс жасайды екен қасындағы ,Болат ағасының қызы Аңсаған деген балапан,жасы үште ғана қалада баланы балабақшаға берсеңде уайымдап жұмыс жасау қиындау,сондықтан ауылға ата-әжесінің қолына уақытша қалдырмақшы болыпты.
Білмеймін,қанша ойласамда мұндай жігітті бірінші көруім,неге?-дейсіздер ғой.Қазіргі жиырма бірінші ғасырдың қай жігіті өзінің баласы тұрмақ ,өзгенің баласын өзімен бірге алып жүреді екен,жалпы неше пайызы?купеге жайғасқалы бері Аңсағаннан көз алмай,біресе тамағын,суын беріп ,памперсін ауыстырып отыр.Бәріміз ұйқыға жаттық, пойыздың тықырынан ұйықтап жарытпайсын ғой сондада ырымын жасап жатырмын ,таң атқанша байқағаным анау жігіттің мүлдем көз ілмегені түні бойы кітаптан басын алмады, таңертең
- Түні бойы ұйықтамадыңыз ғой-дедім
- Мен ағама уәде берген едім қарындасыма дұрыс қарап барамын деп –деді
- Сіз менің орныма жоғарыға жатып ұйықтап алыңыз,біз қарай тұрамыз-дедім
- Ол жақсы-деп жоғарыға көтеріліп жатты.
Біз сіңілім екеуміз Аңсаған мен тіл табысып кеттік, ноутбугімізден «маша мен аю» мультигіннің бір ғана бөлімі бар еді ,ағасы тұрғанша 20 рет қайталап көріп шыққан шығар.
Түскі уақыт.Шәйімізді ішіп болған соң аже балам екінші жартың бар ма ?-деп сұрақты төтесінен қойды,ол «жоқ»-деп күліп жауап берді.Ажеміз болса қоймай онда жан-жағыңа жақсылап қара деді.Тіпті ыңғайсыз екен ,бәрін мен үшін сұрап жатқандай мен қызарып кеттім.Сосын театр жайлы әңгіме болды ажем үшеумізді барлық қазақ жастары үшін бір ұрсып алды.Тараз қаласына келгенде ажеміз түсіп қалды,бүгін ол кісіде фестиваль.Біз әрі қарай жылжыдық,купеде үшеуміз ғана Аңсағанмен алысып отырмыз,оң жағымыздағы көрші купеде бір апайдың қызы бар екен,балапанды ойнатуға сол жаққа апардым,кірсем жаңағы тате
- Сіңіліңіз ба?-деп сұрады
- Жоқ-дей бергенім сол еді
- Аңсағанның ағасы екеуіңіз қатты ұқсайды екенсіздер –деді
мен жымиып шығып кеттім.
Шымкентке дейін әлі 2 сағат бар ,біз жинала бастадық,бір кезде Аңсағанның ағасына бір досы қоңырау шалды,ол ауылға келе жатқанын хабарлап жатып «Келін әкеліп жатырмын»-деді менің жүрегіме сол сәтте иненің басын сұғып алғандай әсерде болдым.Сіңілім екеуміз бір-бірімізге қарап аң-таң болдық.Шымкентке жақындап келе жатқан сайын өзімнен-өзім қысылып барамын,мына сәттің мәңгі жалғасқанын жан дүниеммен қаладым,осы жігіт мәңгі жанымда болса екен деп тіледім,бірақ пойыз қалаға жақындай берді,Аңсағанның мазасы болмай жылай бастады ата-анасын сағынған шығар,ағасының сол сәтте қараған көзі үш жыл бойы менің есімнен кетер емес,жүрегіме мәңгі сақталғандай өзі.Пойыз Шымкент уақыты бойынша 21:30да келіп жетті,астында бізді ағаларымыз күтіп тұр.Менің пойыздан шыққым жоқ,Аңсағанның ағасы мәңгі менімен қалшы десе еш ойланбастан бәрін тастап қалар едім,тіпті оған үш жыл өтседе қазірде сенімдімін қалар едім.
Сөмкелерімізді көтерісіп түсіріп берді де қарап тұрды,мен туысқандарыммен амандасып,артыма жалтақтап қарай беремін,ағаларым бекеттен сүйреп алып кеткендей болды.
Осыдан кейін ол жігітті Астана қаласындағы ойын-сауық орталығының бірінен көрдім,жақындауға батылым бармады.Бір жылдай шамамен өткен соң аялдаманың шетінен көрдім ондада батылым жетпеді жақындауға.
Кітапты сүйетін,Жылы жүзді,мейірімді,жүрегі даладай кең,иманды, өзі шегімен қазақы,қарапайым Аңсағанның ағасы(неге оқиғаның басынан аяғына дейін Аңсағанның ағасы деп қоймады дейсіздер ғой өйткені ол жігіттің есімін білмеймін,вагоннан түсерде бір-біріміздің есімімізді білмей кете беретін болдық қой дегенде орысша тілмен айтқанда«намек»-ті түсінбеппін,қазір соған қынжыламын)...."қыздарға тек ауқатты жігіттер ұнайды"-деп масаттанып сөйлеп,не көлде,не шөлде жоқ жігіттерге айтарым:әркім өзінің санасының аясында ойлайды,сондықтан материалдық байлықты емес,рухани байлықты сәнге айналдырсаңыздар бәріде айқындала түседі.