Естіген нәрсені ұмыт қалдырмау үшін не істеу қажет?

"Естіген нәрсені ұмытпастыққа-төрт түрлі себеп бар:әуелі-көкіріегі байлаулы берік болмақ керек; екінші-сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану(сабақ алу) керек; көңілденіп,тұшынып,ынтамен ұғу керек; үшінші-сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші-ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері:уайымсыз салғырттық,ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе-күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер. "Бұл қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың соңғы туындыларының біріне жататын қарасөздерінің отыз бірінші сөзі.Өз ой-толғауымды сөз арасына қоспай кейін жазуды дұрыс көрдім.

Естіген затты көп уақытқа еске қалай сақтау керектігін ұлы Абайдың кеңесі арқылы іске асыруға болады. Атадан қалған асыл сөз іске асары сөзсіз. Бірақ сонымен қатар тағы бір еске қалай сақтап қалудың бір әдісін айта кетейін. Жаттап жатқан өлең  сөздері не бір термин сөздер болса сол сөзге ұқсас өзіңе жақын бір зат атауына ұқсат. Бұл әдіс маған талай көмегін берген. Сен үшін де бір көмегі болып қалар!



Бөлісу: