ТОПРАҚҚА ТІРІДЕЙ КӨМІЛГЕН ЕГІЗДЕР... (Байқауға)

Бірде кеш  құрым  ауылдың төбе жағынан күрең қасқа тайымды жетектеп келе жатқанмын. Алдымда үлкен жар. Жарды айналып өте бергенімде                   << уылдаған, сықырлаған, жер төкпештеп жатқан>>- дыбыстар естілді. Әдете мұндай  нәрселерді елемеуші едім. Бұл жолы бірақ...  Қорыққаннан тайды босатып, артынан қуа жөнелдім. Күнде кешке осылай қайталанып тұрды.  Түн. Түс пе, не екені беймәлім?  Құндаққа оралған екі егіз сәби бесікте көкпеңбек болып бір  бесікке өздерінен өзі тебеліп тұр. Жерде жылтыр қымбаттау бұйым тұр. Бетінде бір әйелдің жүзі бейнеленген.Шошып ояндым. Таң ата салысымен жарды зерттемек болдым. Ауылда 98 келген әже бар, не болса да содан сұрағанды жөн көрдім. Әжейдің екі көзі тас соқыр. Қолында ауыр, көзді таяқ. Сүйеніп отыр... сәлем бермес бұрын менің кім екенімді, не мақсатпен келгенімді бәрін біліп қойыпты.Таяғын жарға сілтеп орынынан ауыр күрсініп тұрды. Әңгімесін бірден әйел жайлы бастады. Ішінен күбір-күбір етіп тұрды да "ДҮР" деп айғалап жіберді.Жесір қатын... Күйеуіне қанжар қадаған, көзі ШАХқа түсіп. Егіз ұлын жарға әкеп бөлеп, қара иттей қыңсылатып кетті... Әй, оңбаған кәрі арам, сүйекке тоймағыр қара жар!  Қасиетің кетсін пәниден! Қырқынан шықпаған қос батырды қойныңа тыққыр, әдірә қал! Шашыңды жалбыратып, жасыңды сорғалатқыр орамалы жоқ бір бұрым қайрымсыз, қатын! Саған бұл Тәңірдің тартуы еді... көп көрдің бе перзентті!!! (Топырақты шашып, қара таяғымен тоқпақтап)  Жазаң осы сынық айнаның ішіне тығылып!                                                                                                                

Түнімен топрақ астын тебеткен,  екі сәби екен... Ал дауыс...

-деп қиял деген не жазғызбайды?! 

P.S Ойдан шыққан... өмірге еш қатысы жоқ! Күлесіз бе, жылайсыз ба өзіңіз біліңіз... пікір жазуды ұмытпаңыз!



Бөлісу: