Ойы жетпеген бойжеткен...

 Аружан - атына заты сай көрікті қыз. Ұзын бойы, тал шыбықтай бұралған қыпша белі  мен əсем мүсіні, кімді болмасын түйреп алатын найзадай үшкір ұзын кірпігі, мөлдіреген доп- домалақ қара көзі, қаламмен сызып қойғандай, қиғаш қасы, қыр мұрыны, шиедей қызарып, үрілген шардай үлбіреген ерні, алмадай қызғылт екі беттің  ұшы қай жанды болмасын тамсандырып, қызықтырып арман қылады.

  Сүйенері жалғыз анасы болса да 11 жылдық мектепті үздікке бітіріп, алдында не күтіп тұрғанын білмесе де асқақ армандарын орындауға Алматыға оқуға келді. Сұлу келбеті болса да, кей кездері ессіз, ақымақ, жын ұрған жандай болатыны рас.  Ауылдан келге бойжеткен қаладағы үздік оқу орнына тапсырып, грант иегері атанды. Университет қабырғасындағы сұлулардың көшін бастайтын арулардың бірі болды. Оқу үлгерімі де, тəртібі де көңіл көншітерлік еді. Таңсық қала өмірі, Аружан үшін қызығы мен шыжығы бітпейтіндей көрінді. Студенттік өмірдің алғашқы екі жылының көзді ашып- жұмғанша қалай тез өткенін байқамай да қалды. Əр күні күлкі, той, кафе одан қалса түнгі клубты аралаумен өтіп жатты. Сөйтіп жүріп өзінен 3 жас үлкен Ермекпен танысты. Танысты кейін табысты. Кездейсоқ танысу көңіл жарастырумен жалғасты.

  Ермек - қаладағы ірі компания директорының баласы. Шетелде оқып келген ерке бала ауыл қызына ғашық болам деп мүлде ойламаған-ды. Аружанды алғаш көргенде жүрек дүрсілі бір сəтке тоқтап,  қайта соққандай болды. Бірақ, шынайы сезім ба, өткінші жауын ба өзі де анық білмеді.
Қыз бен жігіт болып кездесіп жүргеніне əн
е-міне дегенше 1 жыл болды. Ермек сөз салды, ал Аружанның сезімі өшіп, " жағдайымды жасаса, қалағанымды алып берсе болды" деген есеп махаббатқа ауысқан еді. Оны Ермекте жақсы біледі, бірақ бауыр басып қалған еді. Махаббат есігін бірі сезіммен қақса, екіншісі, есеппен қақты. Бір-бірінен айырылғысы келмеген екі  жас  “естен кетпес бір түнді ” өткізді. Сол түннен кейін Ермек Аружанның бар екенін ұмытты, есіне түскенде хабарласатынды шығарды. Арада минутты қуалап сағат, сағаттан озып күндер өтіп жатты. Бойжеткен өзінің ішінде тағы өмір бар екені білді. Ермектің телефонына үздіксіз соғылған қоңыраулар мен сансыз хаттар жауапсыз қалды. Аружанның есі кіреселі-шығасылы болып, амалсыздан ауылға, анасына баруды жөн көреді. Жол үстінде өткенді  ұзақ ойлады, сосын жылады.” Мен оны шынымен сүйдім ғой, неге бұлай болды” деп өзін сансыз сұрақпен жеп келеді. Кезінде өзі жоспарлаған мақсаттары, анасына берген уәделері...  Дәл осы кезде Ермек Аружанды іздеп қаланы аралап, құрбыларынан ауылға кеткенін білді. “Тізерлеп отырып кешірім сұраймын, тіпті бомаса аяғына жығыламын” деп жігіт темір тұлпармен асығып келеді.

 Аружан анасына келіп басынан өткен оқиғаны айтып берді. Бар өмірін қызына арнап өмір сүрген жалғыз басты ана, қызының бетіне ыстық алақанымен салып қалды. Үй ішінде бір сәтке тыныштық орнады. Есіктен көз жасы көл болып, көше жаққа қарай жүріп бірінші Аружан шықса, екеніші, байғұс ана жүрегі қарс айырылып, ентігіп біресе жүгіріп, біресе жүріп келеді. Қыз жолдың ортасында тұрып қалды. Қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік тежегішті басып  үлгермейді деп ойлаған ана көзін жұмып, сол жерге жүрегін ұстап отыра кеткен болатын. Машинаның дауысы қатты шықты, бірақ ешкімге ештеңе болмады. Көліктен Ермек түсіп, Аружанды құшақтап кешірім сұрады. Анасы баласының амандығына қуанып жыласа, қызы Ермектің келгеніне қуанып, оны қатты құшақтады...

 

 



Бөлісу: