Ұстара жүзіндей өткір жанары......

          Бірде қыздармен көшеде келе жатқанмын.

         Қыздардың басы қосылса болды бітетін әңгіме болған ба? Әрине жоқ! Сылқ-сылқ еткен күлкілері, жайға салған жүрістері, біреуі жаңалығын айтады біреуі оған  келіспейтін талас-талқысын айтады, енді біреулері табиғаттан алған асыл келбетін паш ету мақсатында жол-жөнекей суретке де түсіп үлгереді, бәрі-бәрі қысқа ғұмырларына ұзақ қызық бергендей мәз-майран болып келеді. Ешкімде шаруасы жоқ бірақ табиғаттың сырын , жеті қат жер асты құпиясын білсем деп жүретін Жамал әлі от алмаған ракетаның ғарышқа көтерілер алдындағы тұмсығындай сұқтана сүйдиіп тұрып қалды да бір дауысқа салды .  –Қыздар! Тоқтатыңдаршы, қарыным  ашты, мен асханаға кірем дегені сол еді, бәріміз қосыла Самалмен еріп асқанаға кіріп кеттік.

       Ес білгеннен бергі анамның айтқан әрбір сөзі тамырлардай миымды торлап алған.Соның бірі тамақ ішер алдындағы  қолыңды жу,бұл әрине бір жағына тазалық үшін де.Бірақ, анамның айтқанын екі етпеу менің парызым. Лезде орнымнан тұрып қол жуатын бөлмеге жүгірдім.Шыбын қуып жүрсің бе деп артжағымда қыздар күліп қалды.

      Гүлдің нәзік бүртігіндей ғана бойы бар, шамамен төрт бес жастағы қыз қос қолын созып кранның жанында тұр екен.Қыздың қылығына қарап күлкім де келді, қысқа бойын қанша созса да су шығаруға шамасы келмеді,кішкене биіктеу үшін өкшесін көтеріп-көтеріп қояды. Менің кіргенімді сезбеді ме? Маған мән берген де жоқ.

     Сәлден кейін жанына аяңдап барып тоқтадым,ол қыздан менен көмек керек бе деп сұрап едім,өзі балдай тәтті қыз екен,бірақ маған қарағанда айдай  жүзі қызарып сала берді, еріндері бұртитып,көздері оқтай атылып, бетіме ойлана қарап үндемей салған жанары құды бір бұлттан шыққан ашы күндей өне бойымды қарып алды. Қайтадан сұрадым жуып берейін бе қолыңды деп ,бірақ үндемей қарап тұра берді. Қойшы ! Нем бар, сумен ойнағысы келіп тұрған шығар қазір мамасы келіп маған ұрсып жүрсе,одан да кете берейін деген ойда едім қыздың жанары маған көп нәрсе айтатындай болып қарап тұр екен...... Іштей қызық екен мыны бала деп қызды көтеріп алдым да,қолын жуып бердім. Ал қыз болса мәз болып кетті, бірақ әдептен жұрдай ма жуып болып түсіріп едім, оқтай жанарымен мені бір шарпыды да рахметсіз жүгіріп кетіп қалды.

     Әй,қазіргі кезде ата-аналардың тәрбиелері жеткіліксіз бе деген оймен қол жуатын бөлмеден шығып қыздардың жанына келдім.Қыздар болса сол баяғы бітпейтін әңгімелерімен қызыққа батып отыр екен , маған қарауға шамалары жоқ. Бір кезде жанымдағы анасы мен қызға қарап қалғаным сол еді көзіме жас үйіріліп атқылап шыға бастағаны, жаңағы кішкентай қыздың жанарынан шыққа оқ жүрегіме келіп қадалғандай болды, оның маған қарағандағы ымын түсінбестен кінәлаған өзім әдептен жұрдай екенмін. Балдай тәтті қыздың бар қателігі анасымен қолы арқылы сөйлесіп дыбысты да ести алмауы......

 

 

 

 

 

 



Бөлісу: