20 жасыңызда сіз не істедіңіз?

20 жасыңызда сіз не істедіңіз?
жеке
блог

Адамның ең керемет шағы. Жалындап тұрған кезі. Тіпті бұл жастықтың лебімен тау қопарарлық күшім бар деп, кез келген іске дайын тұрады. Алайда біздің кейбір қатарластарымыз бір арнаға түсе алмай əлі өзінің бағытын, болашағын білмей, мамандығын таңдай алмай, ешбір мақсатсыз өмір сүруде. Болашаққа жоспары жоқ адам ешбір ісін дұрыс атқара алмайды. Нақты жоспармен мақсат қана бір істің сəтті аяқталуының кепілі. Қазіргі жастардың іс-əрекеттеріне қарап көңілің толмайды. Заманың түлкі болса, тазы боп шал қағидасымен өмір сүретін жастар саусақпен санарлық.

Бауыржан атамыз "20 жас тарихи ерліктерді жасауға таптырмас уақыт"-деген екен. Оған бірқатар дəлел: 

Ыбырай Алтынсарин 20 жасында өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болып барған. Оған дейін ел ішінде мектептің пайдасын түсіндіріп, біраз баланы 4 жыл өз үйінде оқытады.

Міржақып Дулатов 20 жасында Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға араласып, патша өкіметіне қазақ халқының атынан петиция жазуға қатысады.

Мұхтар Әуезов 20 жасында «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны Ойқұдықтағы сахнаға шығарады. Келесі жылы 5-13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады.

Шоқан Уәлиханов 19 жасында «Тоқтамыс ханның жарлығы» атты алғашқы ғылыми еңбегін жарыққа шығарып, бір жыл өткен соң Ыстықкөл экспедициясына қатысып, қырғыз елін зерттейді

Сұлтанмахмұт Торайғыров 20 жасында «Айқап» журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, бірқатар әңгіме, мақалаларын сол журналда жүріп жазады.

P.s. Жалқаулық кез келген адамда бар. Тек сол жалқаулықты жеңіп, жас кезінде уақытын бос кетірмей аянбай еңбек етсе, болашақта соның рахатын көріп бақытты ғұмыр кешері хақ. "АДАМ 20 ЖАСТАН 45 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ӨМІРІН АҚША ТАБУҒА АРНАУЫ ТИІС, АЛ ҚАЛҒАН ҒҰМЫРЫНДА СОЛ ЖИҒАН ТЕРГЕН АҚШАСЫНЫҢ ЯҒНИ ЕҢБЕГІНІҢ РАХАТЫН СЕЗІНІП ДЕМАЛУ КЕРЕК" -деген ағылшын ғалымы