Өмір туралы

Сәлеметсіздерме!!! Бұл менің алғашқы жазған өлеңім, бағалаңыздаршы, қате кетсе түзеп жіберіңіздерші...

Өмір
Өмір деген өтеді тез байқалмай,
Күліп жүрейік, өмірде бұл мұңаймай.
Бізге берген Аллынның бұл сынағы
Сүрінбейік тату болып өтейік
 
Адамдар бар қара басын ойлайтын
Кедейлерді құлындай бір жұмсайтын
Бұл өмірде бәріміз бір пендеміз
Бөлінбейік ,бай кедей деп енді біз
 
Адамдар бар түгім жоқ деп
Өз-өзіне қол салған
Есіңде сақта Алла әрқашан мейірімді
Сұрасан егер береді ғой бір күні
 
Мұңайма ешқашанда түгім жоқ деп
Басқаларда бар неге менде жоқ деп
Байлық деген ақша емес қолдағы
Байлық деген адамдар тура жолдағы


Бөлісу: