18-де, біз...
блог
Өмір мен уақыт – екі бірдей ұстаз. Өмір бізге уақытты дұрыс пайдалануды үйретсе, уақыт бізді өмірді бағалауға үйретеді. Дәл осы жаста, он сегізімізде. Албырт та, балғын шағымызда...
18 жаста, біз мүмкін қиналамыз, жалғызсыраймыз, уақытты қауіпті ойындар мен төбелеске жұмсаймыз. 18 жас, лапылдаған жүректегі ыстық сезімдер мен қиялға толы армандар және қоштасу. Бұл шақта, басымызға байлықтың, сөздің және махаббаттың тәжін киюуге тырысамыз.
18 жас, өзерістер мен естеліктер, биік шыңдарды бағындыру және сынақтардан сүрінбей өтуге тырысу. Мүмкін, соңында ештеңе де өзгермес. Біз, адамдар, бір-бірімізден әдейі алыстаймыз ба? Әлде сабырлы қалыпта мәңгі бірге жүре береміз бе? Әрине, оны ешкім де білмейді. Бірақ біз білеміз, 18 жастың қиын уақыт екенін. Себебі, әрқайсымыз да жылаймыз, ауырлықты сезінеміз және әлсіздік танытамыз...
18-де, біз сезімге берілеміз, жақсы көреміз, көз жасымызды төгіп, қиындықтан қашамыз, сүрінеміз, құлаймыз және бір-бірімізден алшақтаймыз. Осының бәріне қарамастан, 18-де, біз бір-бірімізбен кездесуге асығамыз, жүгіреміз, қолдарымыздан ұстап достарымызды, жақындарымызды және сүйгенімізді қатты-қатты құшамыз.
Біз қайтадан биіктерден құлармыз, мүмкін біреулердің аяғына жығылармыз. Бірақ, біз қандай жағдай болса да, тек қана алға жүреміз!