Ауа-райы, саған не болды?

     Таңертең керемет көңіл-күйде оянып едім, ауа-райы бәрін құртты... Жер дегенің көктайғақ. Оның үстіне жаңбыр да жауып тұрма, түсініксіз... Оқуға әрең жеттім. Он минуттық жерге жарты сағат жүрген шығармын. Автобустар жүрмей жатыр, тіпті такси де. Жұрт жұмысқа кешігіп, бірі сабақтан қалып, әйтеуір абыр-сабыр болып жатыр. Кеше ғана бәрі жақсы болып еді ғой? Ауа-райы, бүгін саған не көрінді? 

          Көктайғақтан адамдар құлап жарақаттанып жатады, оның үстіне көлік апаты да көп болуы мүмкін. Сондықтан, үйден шықпай тып-тыныш қана "диванда телевизор" қарап жатқан жөн болар) Басқа қалаларды білмеймін, бұл Қостанайда болып жатқан жағдай. Құрметті Қостанайлықтар, абай болыңыздар! Сіздердің өмірлеріңіз біз үшін қымбат. Сондықтан, Көктайғақ кезінде зардап шеккіңіз келмесе, келесі ережелерді орындаңыз:

- Өзіңіздің аяқ киіміңізге көңіл аударыңыз:

 - Сырғанамайтын, табанында ұсақ өрнектері бар аяқкиімдерді таңдаңыз. Сән қуушылардың биік өкшелі аяқ киімдерді кимегені жөн. 
- Аяқастына қараңыз, қауіпті жерлермен жүрмеңіз.

- Егер мұзды жерді айналып өту мұмкін болмаса, мұз үстімен шаңғышы сияқты қысқа адымдармен жүріңіз:

- Жолдың келесі бетке өтетін жерлерде абай болыңыз, асықпаңыз, жүгірмеңіз; 
- Ылдилы жерлерден айналып өтуге тырысыңыз; 
- Аяғыңызды тізеден бос ұстап, табаңыңызды нық төсеп жүріңіз; 
- Мүмкіндігінше қолдарыңыз бос болсын, ауыр сөмкелер ұстамауға тырысыңыз. Қолды қалтаға салып жүру құлау қаупін ұлғайтады. 
- Егер тайып кетсеңіз ауыр жарақат алмас үшін, жүрелеп отыра қалуға тырысыңыз. 
- Құлаған кезде қатты соққы алмас үшін бүктетіліп, аунап түсуге тырысыңыз. 
- Құлаған кезде қолыңыздағы заттың емес, өзіңіздің аман қалуыңызды ойлаңыз. 
- Құлаған соң орныңыздан бірден көтерілмей, жарақат алмағаныңызға көз жеткізіп, жаныңыздағылардан көмек сұраңыз.

 

   



Бөлісу: