Отарбадағы мотивация

Қарағанды-Қостанай. Астана темір жол вокзалынан көппен бірге отарбаға жасы елулерден асқан ағай келіп жайғасты. Дәл біздің вагонға, жанымызға. Қарапайым киінген, жылы шырайлы, жүзін үлкен кісілерге тән әжім шалған, шапшандығы да байқалады. Не керек айналдырған азғантай минутта вагон лық толды. Қозғалып кеткенше ешкімнің-ешкіммен шаруасы жоқ біраз үнсіз қалдық. Сайын даланың төсін басып тармағы ұзара түсетін шойын жолдың кедергісі көп болмайды екен. Терезеден қарасаң дала тып-тыныш тәрізді. Бір жерлерде жазық жер, енді бірінде азды-көпті қоныстар одан соң қайтадан кең дала. Ойыма небір ғажап дүниелер келеді. Баяғыда бала кезімде: "мұндай жерлерге неге көп үйлер салмайды екен", "неге бір нәрселер өсірмейді екен" деп ойлайтынмын. Бүгінде сондай ойдың тереңініе үнілгендей болдым...

Үнсіздіктен де адам жалығады ғой, үстінгі тақтадан түсіп достарымның қасына отырып әңгімелеріне араласқым келді. Біздің кейбір сөздерімізге манағы ағайдын да кіріскісі келеді, байқаймын. Оған бізде қарсы емеспіз. Осылай біраз уақыт өткен соң. Қайта тыныштық орын алды. Өзім айтқан егде кісімен қатар отырған болатынмын. Енді ол кісіні де мазалап көргім келді. Мақсатым жол қысқарту ғана болған.
- Ағай, қай жаққа бара жатырсыз?
- "Янко" аталатын ауылға. Әр кез жеңіл көлікпен баратынбыз мына ауа-райы жолға кепілдік бермеген соң пойызды жөн көрдік. Туыстарым келесі вагонда, купеге билет болмаған соң осында алғанмын.
- "Янко" деген аты қызық ағай, Новоишим деген сияқты станциялардың бірі болды ғой демек? Сонда ол не мағына білдіреді?
- Енді оның бәрі баяғы Кеңестік кезеңнен қалған атаулар ғой.
- Иә, әлі де болса ономастиканың онатын түрі жоқ қой деп өзімді ақылды қылып көрсетіп қоямын-ай келіп. Ол кісі жай адам емес екенін осы бір әңгімелерден сезе бастадым. Сөйлесуге құлшынысым артып:
- Астанада тұрамысыз? - дедім,
- Жоқ, Астраханда. Білетін шығарсың?
- Әрине, Ақмола облысында ғой?!
- Иә, иә!
- Сөзіңізден байқап отырмын жақсы бір қызметте істейтін секілдісіз?
- Аааа жоға. Байқап отырғанындай қазақ тіліне шорқақпын, орыс арасында өстік, орысша білім алдық, әскерде болдық дегендей. Қазір Астраханда техникалық училищеде мұғаліммін...
Әңгімеміздің ауқымы кеңіп, түрлі тақырыптарға жалғасып жатты. Кей жерін қысқаша келтіре кетейін. Бұл кісі 1979 жылғы 16 және және 19 маусым күні Целиноград қаласының Ленин атындағы орталық алаңға шыққан жастардың бірі екен. Бірақ сол күні ыдыратылғандықтан жастарды жатақханада 2 күн қамап ұстап, кейін демалыс беріп бәрін ауылдарына қайтарып жіберген екен. Германияда әскери борышын өтеп, молдавандық семіз жігітке қалай жәрдемдескенің қызықты жеткізіп берді. Көпке күлкі болып, ұятты болып жүрген жігітке демеу болған екен.Азғантай уақытта дәу әрі семіз жігітке 5 мәрте турникке тартылу үшін шындағаның айтты. Оның өзі үлкен нәтиже көрінді маған. Өйткені онда қойылған нормативтің орындалуы қатан талап деседі. Ол кісі спортқа да жасында үйір болыпты. Еркін күрестпен шұғылданған екен:
- Күрес өнері нағыз ерлердің айналысатын спорт түрі - деп қайтарды сөз аяғың. Іле мен:
- Сіздің еркін күрестен жетістіктеріңіз болды ма? - дедім,
- Жоқ, қайда ол кезде спор шеберлігіне үміткер атану да бүгінгідей оңай болмайтын, сатып алу деген де жоқ-тың.
- Солай ма?!
- "Иә, одан бұрын ол кезде менің салмағымды талай мықтылар да болды. Жақсылық Үшкемпіровтар жол бермеуші еді"- деп күліп алды бір мезет. Жақсылықпен кәдімгідей күреске де түсіпті дайындық залында. Біразға дейін жұлқыласып, сұлатып салғанын айтып, Жақсылық ағамыздың кішіпейілдігін, қарапайымдылығын сөз етті. Күрестен соң:"сен арамыздағы солтүстіктен жүрген жалғыз жігіт екенсін ғой, жарайсын" - деп менің ағайымның қолын қысыпты.
Ағай меннен ешнәрсе сұрамайды. Мен сұрақ қоямын, керемет жауаптар аламын. Әсіресе маған қатты әсер еткен тұсы ол кісінің өз мамандығы төңірегіндегі ақыл кеңесі болды. Айтуынша сабақ беретін оқу орнындағы студенттердің көбісі, әсіресе қазақ балалары, сабаққа селқос қарайтын көрінеді. "Техникаға беріліп, ұғып-танып алуды білмейді. Келіп кетіп, бірде бар бірде жоқ болса оларға білім қона ма?" - деп те кейиді. Осы арада нақ ауылшаруашылығының маманымен сөйлесіп отырған соң өзімнің болашақта бір кәсіпкерлік ұйымдастырып, шаруашылықпен айналысқым келетінін айттым. Сол үшін маған алдымен не істеу керек, неден бастайын, қалай істеймін деген сияқты сұрақтарды қойдым.
- "Дұрыс. Қорықпа. Ынта болса соңына дейін ізденіп шұғылдаңуына болады. Қашпау керек техникадан жастар да, басқалар да. Оу, айналайын мысалаға 1 гектар жер алып,картоп еккін келсе техникамен жабдықта шаруашылығынды. Қазір "Матоблок" деген әмбебап құрал бар. Міне, алып "Беларусь" тракторын алғанша сондай "Матоблок" алып алсаң 1 га жерді бір өзің өндеп, игеріп шығасың. Тракторыннан кем емес. Кейін суаруын қадағалап, мөлшерімен улап отырсан болғаны. Олай дейтінім картопқа қызыл қоңыз дегендер өш келеді. Олар қаптаса жапырақтарды жеп қояды. Сондықтан тазартып отыру керек. Сосын орташа алғанда 200 центнер картоп жинап аласын соныңда. Ал бірақ ең алдымен "ТӘЖІРИБЕ" керек, қайталап айтамын "тәжірибе және тәжірибе". Онсыз сенін жұмысының берекесі де, пайдасы да болмайды. Осы жолда тынбай соңына дейін еңбек етсен ғана пайда көресін. Техниканы де игере білу керек. Анау ауылдарда бар - шөп шабуын шауып алады, бірақ жинағанда оны талкайлап, одан қолмен немесе 5 мың теңгеге "стогомет" жалдап сорлайтыны. Кейін троспен аударып тағы машақатқа түседі. Одан да трактормен тұтастандырылатын Ролланд пресс-іріктеушілерін сатып алу керек қой. Ауылдағы трактористер ақылмен жұмыс істесе баяғыда-ақ сатып алып, жаңа технологиялардың игілігін көріп жүруші еді. Өздерің босқа азаптамай. Міне сондықтан бүгінгі жастар технологияны ілімді толық игеруге тиіссіңдер. Бірнәрсемен айналыспасан табыс табу қиын нәрсе" - деп тоқтады.
Шынымды айтсам ойланып қалдым. Болашақта солай істеймін деп те байлам жасадым іштей. Сондай сәттердің бірінде қарсы отырған достарымның бірі байқатпай суретке түсіріп алған екен.
Қоса ұсынып отырмын, дәлелді болуы үшін))
Біраз ой түйдім. Бұдан бөлек те біршама кеңестер берді. Техниканы қалай пайдаланып, дақылды қалай егуді жан-жақты түсінідірді. Мен білмейтін көп терминдер айтылды. Не керек Қостанайға бара салып шаруашылықпен айналысып кететіндей-ақ болып отырдым. Айналамдағы бөтен адамдардың көздері де, құлақтары да ағай мен менде болды. Қызды, қыздымен кешті де батырдық! Біраз әсер алдым. Ағаймен қоштасып түңгі он екілерді шығарып салдық. Аты жөнін сұрап алмаппын... Не де болса ол кісі тегін адам емес... Өзіме көп кеңес, тәлім тіпті тәжірибе алдым!
Күт мені ауылшаруашылығы, саған да соғамын...



Бөлісу: