15 желтоқсан-Қызмет жолында қаза болған журналистерді еске алу күні

Журналист-қоғамның маңызды бөлігі,адам өмірінің түрлі салаларын бір-бірімен байланыстыратын дәнекерлеуші,қара қылды сөзімен қақ жаратын шешен адам.Қазіргі таңда бұл мамандық әлем бойынша ең қауіпті мамандықтар қаратына кіреді.Сондықтан,журналистика жолы адам бойынан төзімділік пен шыдамдылық,қайсарлық пен бірбеткейлік сынды қасиеттердің болуын талап етеді.Бұл мамандық иесі сенімді ақпарат,астарлы ақиқат пен әлемдік әділдік үшін мұзды мұхитты мың рет шарлауға да даяр болуы қажет,өйткені халыққа жеткізілетін дүние орасан зор еңбек пен зерттеудің нәтижесінде пайда болады.Қарапайым адамдар бұл мамандықтың қыр-сырын білмей,тілші-репортерлардың ерен еңбегін түсінбей жатады.Кейбірі тіпті олардың міндеті-дайын асқа тік қасық болып,камераға судырата жаттанды сөздерді айтып беру деп ойлайды.Бірақ,радиобайланыс жүйесі пайда болмаған кезде,қаңтардың қақаған аязында,шілденің қайнаған ыстығында кассетаны тау басындағы мұнараға жеткізген кім?Журналист.Бақыр басын қатерге тігіп,қоғам шындығын әшкерелейтін кім?Журналист.Мақсатына жету жолында соғыс жағдайында жаңалық үшін шайқас жалынын орап өтетін кім?Журналист.Әлеуметтік әділдіктің орнауы үшін жалпақ дүниені кешіп өтетін кім?Журналист.
Журналистік қызметте жүріп,өмірден озғандардың құрметіне арнап 15 желтоқсан  қызмет жолында қаза болған журналистерді дүниежүзілік еске алу күні болып табылады.
2002 және 2010 жылдар аралығында елімізде 38 журналист көлік апаты,қарулы қақтығыстар сынды түрлі жағдайлардың нәтижесінде дүние салған.Ал жалпы журналистика тарихында 2009 жыл- бұл салаға қарғыс атып,басына қара бұлт төнген жыл ретінде сақталған.Халықаралық журналистер федерациясың ресми деректері бойынша,2009 жылдың ішінде кәсіби  қызметіне байланысты көз жұмған журналистердің саны 139-ды құрайды.Қазақ журналистика саласының дамуына елеулі үлес қосып,қызмет жолында қаза болғандар-Оралғайша Омаршанова мен Жанна Мушраунова сынды журналистика майталмандары мен қатарға жаңа кірген қарлығаштары.
Осы мәселе жайлы белгілі қоғам қайраткері,журналист Эйдан Уайт «Журналистер қылмыскерлердің, діни экстремистердің, саяси қарақшылықтың, ессіз қолбасшылықтың қарамағындағы сарбаздардың қолдарынан өліп жатыр. Олардың барлығының әрекеті бір: лас құпияларын қоғамнан жасырғысы келеді. Осындай қауіп-қатерге қарамастан журналистер шындықты жеткізуге тырысады. Журналистер қорғанышқа зәру, бірақ оларға қорған болушылар аз», – деп өз пікірін білдірген.

Көріп тұрғанымыздай,журналистер атына лайық адамдар қай заманның болсын жүрекжұтқан батырлары. 

 



Бөлісу: