Келініме қойған талаптарым
блог
Ененің келінге қоятын талаптары:
Ұлымды құдайыңдай сыйлайсың;
Тамағы уақытында дайын тұруы қажет;
Киімдері таза, ұқыпты болуы үшін бар күшіңді саласың;
Оның қас қабағын бағып сөйлейсің;
Жұмыста болғанда «қайда жүрсің?, қашан келесің?» деп мазасын алмайсың;
«Үйленгенге дейін сезім, үйленгенннен кейін төзім» деген ұлағатты сөзді бойыңа сіңіресің;
Бәрі әйелге байланысты екенін, не болса да әйел кінәлі екенін ұмытпайсың;
Еш уақытта қызғаныш сезімін оятпайсың, қызғаныш болған жерде отбасы бақыты болмайды;
Өзіңді жақсы қасиеттеріңмен көрсетесің (отбасында, әулетте беделді келін болу үшін);
Атаңның алдынан кесіп өтпейсің, бетіне тік қарамайсың;
Атаңды өз әкеңдей сыйлайсың (ол өз балаларыңа берген тәрбиең болады, әрі күйеуіңнің алдында мәртебең жоғары болады, ер адамдар көп сөйлемейді, өсек айтпайды);
Енеңе, қайын жұртыңа ішімдегіні тап демейсің (ененің ең жек көретіні);
Келіспейтін жерлерде, ақылға салып түсіндіресің (келесі де ондай кикілжің болмайды);
Қайын інілерің мен қайын сіңілілеріңнің атын атамай, еркелетіп атайсың, ол өзіңе олардың сыйластығына ие болу үшін керек,;
Күйеуіңнің кемшілігі мен қателігін сырт көзге сездірмейсің (өйткені, дүниедегі ең жақсы еркек, ол сенің жарың);
Ол қателесіп жатса ата-енеңе бірінші айтасың, өз әке-шешеңе ол туралы сөз қозғамайсың (оларды алаңдатып қайтесің, жігітті олар тауып берген жоқ қой);
Қанша қорлық көрсең де төркініңе қайтып кетпейсің, бір кетсең қайтарға жол жоқ (ол- жаман әдет, әрі сенімнен қаласың);
Ас үй тірлігін қолыңа аласың (келіннің бірінші функциясы);
Қайын жұртыңда төрге шықпай әдептілік сақтайсың, қол ұшын беруге дайын тұрасың (сыйластыққа ие боласың, сенің үйіңе келгенде оларда солай жауап береді);
Қайын жұрттағы жақсыны да, жаманды да төркініңе жеткізбейсің ( сен-екі ортадағы көпірсің, әрі елшісің «елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан» екенін ұмытпа)
Сол үйдің отбасылық заңдары мен ережелерін, дәстүрінің қаймағын бұзбай қабылдайсың (сол отбасылық қағидаттардың арқасында ол әулет болып отыр, кезі келгенде тек қоса аласың);
Енеңмен ашық сөйлесуге тырыс, бірақ ұрысқа жеткіз бе, тек ойлануға уақыт бер («Бірінші – құдай, құдайдан кейін ұлым мен келінім» деген ененің батасын аласың, өйткені сен – етреңгі енесің);
«Төркіні жақын келіннің төсегі жиылмас» деген көнеден қалған қағиданы есіңнен шығарма (сен жат жұрттықсың);
Бірінші орында үнемі өз отбасың болу керек (ол- сен, отағасы және балалар);
«Ерлі зайыптылардың арасына есі кеткен түседі» демекші күйеуің екеулеріннің араларыңдағы мәселеге ешкімді араластырмайсың;
Ішімдік, жаман әдеттерден аулақ боласың ( бізге сау ұрпақ керек);
Қазақ тілін жетік білу керексің, өйткені менің немерелерімнің ана тілі – таза қазақ тілі болуы шарт;
Немерелерім жыласа уату жырын, ұйықтаса бесік жырын айтасың ( тәрбие бесіктен басталады);
Салт-дәстүрді ұстануың шарт;
Ылғи да әділдікті жақтайсың, өтірік, өсек айтпайсың (өтіріктің арты бір тұтам екенін ұмытпағайсың);
Заманауй дәстүрге сай болуың керек (ол- дегеніміз білімің мен білігің);
Балаларыңды нағашы жұртқа ата-әжесінің рұқсатымен жібересің, балаларыңды қайын жұрттың көзінше төркіндеріңе итермелемейсің (немере баладан да ыстық болады, ал жиеннің аты -жиен);
Жалғасы бар....
Жалғасын ұлыма арнап жазармын.
Бұл қаншалықты дұрыс деп ойлайсыз? Ішімдегені тап дегенше осылай жайып салып жас келінді өмірге үйретпейміз бе? Оқыған адам өзіндік ой түйетін шығар деп жариялап отырмын.