"ЖанҰЯ"

Жақында отбасыммен отырып,отандық өнім "Жанұя" фильмін көрдік. Жалпы фильм отбасы құндылықтары мен отбасының әрбір адам өміріндегі рөлін дәріптейді.
Фильмнің сюжетіне келер болсақ, жетімдер үйінде тәрбиеленген қыз бен ұлдың маxаббаты, олардың бір-бірін жақсы көріп қосылуы, алтындай кішкентай періштелерімен өмір сүріп жүрген кезі көңілді әрі әдемі түсірілген.


Сол тыныш берекелі отбасыны бұзған құбыжықтың кесірінен айрандай ұйып отырған шаңырақ ойран болады. Оны көтере алмаған Ана мүгедек қалыпқа айналады. Әкесі сол бір құбыжықпен кете береді.
Қиындыққа мойымаған кішкентай бейкүнә балалары жұмыс істеп,ақша тауып,күн-түн демей еңбек етеді.
Уақыт өтеді. Әкесін әлгі әйел ақшасы үшін ғана пайдаланған еді.Кейін жұмысынан айырылып, ішімдікке салынып, саудасы біткен соң,дала кезіп өмір сүреді.

Қызы бойжетіп,ұлы ержетіп, анасы аяғына тұрып,көңілді бейқам өмір сүреді. Бірақ сонда да ана жүрегі кең емес пе?! Жолдасын уайымдап, балаларына жиі сол туралы айта бастайды. Бір күні қызы досымен серуенге шығып,әкесін көріп,қауышып үйіне әкеледі. Сөйтіп қайта табысып,тату отбасыға айналады.
Түйгенім, адам баласына берген бақыт пен уақыттың қадірін білген жөн. Баласы әкесінің жоқтығынан,қорғанының жоқтығынан көп қиындық көрді. Бір әкенің тәрбиесін,жүз мектеп бере алмайды. Кішкене қиындыққа бола xарам,лас жолға түсудің қажеті жоқ. отбасының қадірін білу керек. Ал жеңіл жолмен жүретін адамдарға айтарым,дінде бар емес пе "Бір отбасыны бұзу-мешітті бұзумен тең". Сондықтан жаман, жағымсыз әдеттерден арылғанымыз жөн.


Қазірде отбасының берекесін қашыратын xарам нәрсе ол-АРАҚ. Адамды алдап,жаман жолға,жаман іске итермелейтін,ақырында отбасының береке-бірлігін қашырады. Күнделікті жақындарымның арасынан көріп білгенім осы. Бірде-бір адамды көрмедім-арақ ішіп жақсы болған. Ол тек өзіңе ғана емес жақындарыңа да зиянын әкеледі. Оны көрген болашақ ұрпағың да соны қайталаса-ең жаманы осы.
Жалпы фильмнен түйгенім осы. Бәрі кішкентай нәрседен басталып,үлкен дертке, кешірілмес күнәға, өмірлік үлкен сабаққа айналмай тұрғанда,ақылға келіп, жаман іске бармаған жөн.



Бөлісу: