«Аяла» - адамзаттың асыл қоры

 «Аяла» - адамзаттың асыл қоры
жеке
блог

Қазіргі қарбаласқа толы сұр өмірді нұрландыратын, сәннен ешқашан қалмайтын әрекет ол- жақсылық жасау. «Жақсылық қылсаң жасыр, Жақсылық көрсең асыр»,- деп дана халқымыз айтқандай, «Шевронның» сенімді серіктесіне айналған «Аяла» қоры туралы ақпаратпен бөлісетін боламын.

Бірнеше жылдан бері «Шеврон» компаниясы еліміздің ауқымды «Аяла» қайырымдылық жобасымен ынтымақтастық қатынас орнатып келеді. «Шеврон» корпорациясы әлемнің жетекші біріктірілген энергетикалық компанияларының бірі. Қазақстанда да жеке мұнай және газ өндіретін алпауыт компания. Еуразия бөлімшесінің басқарушы директорының Орынбасары Фрэнк Кассулоның сөзінше, Қазақстан Республикасында жұмыс жасаған алғаш күндерінен бастап ақ, білім беру, мед ицина және әлеуметтік мекемелерге қолдау көрсетіп,әлі де оң нәтиже көрсетіп келеді. Сол кездердің өзінде ақ, аз уақыт ішінде 30 жалпы білім беру мектебіне интерактивті тақталар алынды. ОАА-ға заманауи ота жасайтын жабдық пен аппаратура орнатылды, және Ерейментау қаласының тұрғындарына 15 мүгедек арбасы мен арнайы керек-жарақтарды да табыстаған болатын.

«Шеврон» жыл сайын «Аяла» қайырымдылық қорымен бірлесе отырып Алматы, Астана, Атырау қалаларының медициналық және әлеуметтік мекемелерін қажетті медициналық дәрі-дәрмек, компьютер сияқты қажеттіліктермен қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жасап келеді.«Аяла» қорының бағыты да медициналық, білім беру мекемелеріне, яғни аурухана, емхана, перзентхана, демалыс үйлері мен балалар үйлері, түзету орталықтары мен интернаттарға, сонымен қатар тұрмысы нашар балаларға арналған балаларға қол ұшын созу болып табылады. Қордың мақсаты жақсылық жасап қана қоймай, елімізде қайырымдылық жасаудың мәдениетін, дәстүрін дұрыс бағытта қалыптастыру. Денсаулық сақтау және білім беру саласындағы мемлекеттік балалар мекемелеріне тұрақты түрде көмек көрсету арқылы өзге қорлардан дарақыланып келеді. Қазақстан тұрғындарының бүгіні мен болашағы бұлыңғыр болмауына тамшыдай болса да үлес қосуды ұран еткен.

«Аяла» қайырымдылық қоры 2007 жылғы мамыр айында құрылды. Қор ашылған сәттен бастап жасаған жұмыстарына жеке сайтта ашық түрде есеп беріп отырады. Жиналған сомма мен жұмсалған қаржыны көрсетіп отыруы, шынайы қызметтер атқарып жүргенінің көрінісі. Соңғы жылдары бірнеше бағытта жұмыс жасап жүр. Атап айтсақ, «өмірге дем берейік» - балалар емханасымен перзентханалардың реанимация бөліміне керек медициналық құралдар орнату бағыты. «Емдік гипотермия» - гипоксиямен туған баланың 60% мүгедек болатыны мәлім. Оның алдын алу үшін денені тез суытып, бір қалыпта ұстайтын құралдармен қамтамасыз етеді. Сондай ақ біліктілікті арттыру мақсатында «АЯЛА» академиясы құрылған. Академияда медицина мамандары тәлім алады. «4D – жақсы іс жасайық» балабақшалар мен интернаттардағы балалардың еміне қажетті жабдықтармен жасақтау үшін қолға алынған жоба. «Ерекше балаға – ерекше көңіл» бағытының барысында дамуында кемістігі бар ерекше балаларға арналған арнайы білім беру мекемелеріне оңалту, түзету сынды арнайы құрал-жабдық алып беруде. Интернат және балалар үйлерінде шеберханалар ашып, шеберлік сағаттары мен курстар ұйымдастыру арқылы балаларды кәсіпке де баулап жүр. 14 жылдың ішінде Қазақстанның 66 қала-аумағындағы 242 мекемеге көмек көрсеткен. Азды-көпті 3,4 млрд теңгеге қайырымдылық жасалған. Қайырымдылық қоры қазіргі таңда актуалды сипатқа ие болған, әлемді күрт өзгерткен дерт барысында да қол қусырып қалған жоқ. Еліміздегі  медициналық ахуалдың түзелуі үшін миллиондардың өмірін жалмаған пандемиямен күресуге 30 млн. теңге көмек көрсетті. Бұл сомаға 10 жаңа заманауи көп атқарымды кереует алынған. Қор президенті Айдан Сүлейменова Алматы қаласының Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының (ҚКЖА) жан сақтау бөліміне жеке өзі табыстады.

Жақсылықты есеппен жасамайтын, жұмысына алғыс та күтпейтін қордың қамқор қызметкерлерінің еңбегі ерен. «Алла жолында не берсек те, қандай қайыр-жақсылық қылсақ та, сөзсіз, ол өзімізге қайтады!», деген ғибратты сөзді ту етіп келеді.

                            “Жақсылық отқа күймес, суға батпас,

                             Гаухар тас жарық қылмай жерде жатпас,

                             Қолдан келсе етіңіз жақсылықты,

                             Жақсылықты еткендер жаман таппас”.