Құтылуға болады екен, қашып кетсең ажалдан,
Кәрілікпен бірге келер, жалмап жұтар тажалдан!
Сенді бұған, Қорқыт атты, аңыз адам шынымен,
Қос етіктің өкшелері, үзенгіден қажалған.
Болған екен сөгетіндер, бұл несі деп, жамандап,
Мүмкін емес құтылғандар, өлімнен бұл жаһанда!
Пыш-пыш өсек, жараласа да, нәзік күйші жүрегін,
Ұмтылады, өз жолымен, мәңгілікке қадамдап!
Келе жатса бір күні, желмаямен желдіріп,
Қабыр қазған бір жігіт, отыр екен ентігіп.
Хош келдің , -деп көрді жігіт қуанып,
Сізге арнап қазған едім, бітіріп қалдым ендігі...
Қашты Қорқыт, қамшы басып, бақыртып желмаяны,
Тасбақаның жүрісіндей, көрініп жайлы аяңы!
Болдырып әбден, құлады бір кез, досы болған көлігі,
Жаны ашып жылап, тұрды әрең, екі бүйірін таянып.
Келе жатса, тағы қабыр, қазып жатыр бір адам,
Көріңізді қабылдаңыз, -деп қояды, оңбаған!
Аппақ қудай, болып кетті, бет ажары қуарып,
Қорқар едің, жүзіне қарап, Қорқыттың дәл сондағы!
***
Мұздықтар да, ол кезде толық ерімеген,
Көк түркілер мекендеген жеріменен.
Мақал да, сол кездерден қалса керек,
Қайда барсаң, "Қорқыттың көрі", деген!
Тау мұзынан, бастау алып, аққан жылға,
Бірдіндеп, ұлғая берген, жылдан-жылға.
Айналып дарияға кішкене өзен,
Заты мен аты дағы, тұнып сырға!
Отырды, су бетіне кілем жайып,
Батпайды, сиқырлы ол, құдды қайық!
Қобызымен күй тартып отырады,
Мәңгілікке жетелер, шын ылайық!
Күйлері Қорқыт ата, ұйқы ашар,
Ажал да, жолай алмай, құты қашар!
Өлімге, аңдып жүрген алдырмады,
Күйі тамақ, күйі су, шөлін басар!
Күндіз-түні оңай ма, қобыз тартқан,
Не сұрайсың, шаршаған, әбден қарттан!
Ұйықтап кетті, маужырап, күн көзіне,
Кірпігі, ауырланып, самарқау тартқан.
Сол кезде, ажал да аңдып жүрген,
Пенденің осал жері барын білген!
Жылан болып келді де, шағып алды!
Қорқыт ата тіл тартпай кетті бірден!
***
Күйлерін жаттап алған, екен қамыс,
Жел соқса, ойнайды екен, туса Тамыз!
Бізге де жеткен екен кей күйлері,
Өмірі ұрпақтарға, болып аңыз!
Ажалды сеннен басқа алдағандар,
Бар ма екен, шақырғанға бармағандар.
Өнерін жұрттан асқан пайдаланып,
Мәңгілікке жету үшін, арнағандар!
Шынымен, болғаны ма, бәрі бекер,
Өлімнен, құтыла алмаймыз ба екен.
Мүмкін...кім білсін... болашақта...
Арманға, ұрпақтардың бірі жетер! 1996 жыл, ШҚО, Жаңалық ауылы.