Әлеуметтік желілердің бірінде,анығырақ "фейзбук" парақшамда бір қысқаша ғана жазбаны оқып көз алдыма ауылым елестеп кетті. Мен үшін маңызы зор сөз еді мағынасы тым ауқым болмаса да.
Сіздер де кішкентай бала күндеріңізде тіпті қазір де хобби ретінде әлдебір дүниені жинақтаушы ма едіңіздер?! Коллекция деп жатамыз ғой бүгінде. Мен ес білгелі құлағым шалып елең еттірген не көз түсіп қызыға кеткен мақал-мәтел,нақыл сөз,тұрақты тіркестер мен аффоризмдерді жинақтадым. Өкініштісі жазылған қойындәптерім қазір қолымда жоқ. Бірақ техника аман болсын,бірлі жарымы темір қойындәптерде. Ноут деп аталатын "қалтафонда")))
Айтпағым ол емес,одан бөлек кітап,журнал,газеттің қайбір заманғылары тағы бар. Авторлық кітаптар мен аудандық,облыстық одан қалса республикалық газет-журналдың бәрі бар. Бұл әдет әлі өзіммен,қалада көшкен сайын екі қорап журнал көтеріп жүрем. Өткенде ініммен ұрысып жүріп орысша 5-6-ын алып қалдым,"Жұлдыздар отбасының" бір жылдық сандары "мусорникке" қонақ болды))). Қойындәптерлер тағы бар. Бұрындары әкем жұмыстан келіп,көлігі есікке кіргеннен алдына жүгіріп қолындағы газеттерге секіруші ем. Әкем жуынып тамаққа отырғанша бәрін бітіріп қоямын. Сосын теледидар қарап отырып,"ал баста ана газетте не жазылған,мына газетте не жазылған?" бәрін тізіп сұрайтын. Түгін қалдырмай сұрайтын,тіпті өзінің мақаласы мен өлеңдерін сұрауға ұяла ма білмеймін,"4 бет оң жағында төменгі жағында не бар екен ,не туралы бәрін оқыдың ба дұрыстап?" деп сұрайтын. Мен мақтана "ооо,автор-Нұрымбет Тастанбекұлы" деп марқайтып қоюшы ем. Қазір бұл әдет қалушы ма еді,қалада газет оқымаймыз ғой,ауылға барған бойда ақтаратыным менің қызыл "шифонерім" ,ең бай "шифонер",іші толған газет журнал ойбой-ооой ал да оқи бер. Менің ауылға барғандағы бірінші үйдегілермен қал сұрасып болғандағы екінші әлегім сол қызыл "шифонер". Сосын ешқашан тастамайтын екі кітабым бар: "Ақыл-ой антологиясы"-әлгінде жоғарыда айтқан нақыл сөздің манягы ем ғой,ішінде барша ұлы философ,ойшыл,ақын,жазушы,зиялы қауым,Әбу Насыр әл-Фараби,Төле биден бастап Нұрекеңнің жолдамаларына дейін жазулы. Қысқа әрі нұсқа ,халыққа кең таралған,танымал,оқуға есте сақтауға жеңіл нақыл сөздері. Екіншісі- "Большая книга аффоризмов" авторын ұмытып тұрмын,(жалпы бұл жағынан есте сақтау қабілетім нашар,өлең жаттай алмайтыным да содан), шетел және орыс ойшылдарының әзіл-шыны аралас мағыналы фразалары. Кейбірінің авторлары белгісіз болса,біреулері жасырын берген. Бұл кітаптың ерекшелігі тақырып бойынша. Мәселен "женщина" тақырыбы,ал бетті аш та күле бер,я дұрыстығына басыңды изе. Оқып сөз тапқанға қолқа жоқ дерсің. Нағыз байлық осы шығар. Кітап ұстамағаныма көп болып жақында Мерилин Монро жайында кітап оқып "әлем тамсанған Монроң осы ма құрсыншы" деп күрсініп қалдым. Тақырыптан ауытқып кеттім. Жалпы нақыл сөз ,мақал-мәтел,аталы сөздерді ұмытып барамыз дегім келген. Әлгінде бір кісі жазған сөздің мағынасы ұнаған себебі мынада:
-Қалада не көп көздің жауын емес шарасын шығаратын толған жарнамалар,билбордтар. Не мардымды ұғар сөзі жоқ,аудармасы да сасып тұр...Болсын-болмасын дүниелерді жыр қылып екі аттам жер сайын іле берген. Қарағың келмейді,амал жоқ көз бар жаттап аласың кейде. Суынан уына дейін мақтап тұр.
-Сол жарнамалардың бәрінде тұрған қазақтың емес шетел я орекеңнің ұлдары мен қыздары.Жарнама қазақтікі,бірақ орыстар тұр...Қазақтың жерінде тұрып өзіміздің қара баланы қоюға болмай ма ,тақиямызға тар келеді де тұрады каракөздеріміз.Беті қисық па,мұрны пұшық па?!
Мектепте көп ауырып ауруханаға кезінде жылына 2 рет емделіп шығатын едім. Қал сұрап сыныптастар да күн қалдырмай келеді. Оның үстіне сол кезде ауруханамыз "место встречи" болып кеткен. Қазынаны сылтау етіп қаншама жастар махаббат болып жатты. Сол ауруханаға (аты құрысын қандай жаман еді) келгеннен шыққанға дейін ілініп тұрған жазбалар кілең мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер. Денсаулыққа байланысты әрине. "Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде","Денсаулық-зор байлық" деген сынды тағысын тағы. Жігіттер әдетте мақалға жоқ келеді ғой,кітапты да жарытып ашпасы анық. Мектепте мақал-мәтел,жаңылтпаш,жұмбақ жарысатынбыз.Өзім мақал мен жұмбақ десе ішкен асымды жерге қоямын,тек жаңылтпаш емес))) Сондайда "кітап ашпаған" жігіттерге апайымыз қулықпен "Ауруханаға кіргендегі мақал қандай?" деп сұрап жататын,сондайда олардың тоқтамай жарысқанын көрсеңіздер...білгіш мына біздер жеңілетінбіз. Менің ауылым ғана емес,оңтүстіктің қай көшесіне,қай өңіріне барсаңыз әр екі адым сайын ілінген мақал мен нақыл сөздер. Аталы сөздер. Сән үшін емес деп ұқтым өз басым,жай адам мән бермесе де жастардың есінде қалады көз шалған нәрсе бірнеше рет көре берсе автоматты түрде есте қалады емес пе?!
Менің бұнымен айтпағым бізде мына алып шаһардағы жарнамалардың санына шек жоқ. Қайда көз салсаң да жарнама,сол жарнама бізді асырап жатқан. Ең құрығанда көшелерге тізбектеп қазақша әріптермен (құдай үшін қатесіз тек) қазақ сөзінің мәйегі болған мақалын,астарлы аталы сөздерін жазып қойса ғой. Деп армандап қоямын. көздеріңізге елестетіп көріңіздерші,Абай даңғылына шықтыңыз,көше бойлап келе жатырсыз үлкен билбордта ұлы ойшыл Абайдың әдемі бір сөзі,қысқа әрі нұсқа я болмаса мақал. О рахат ай,мен таң атқанша жүре беруші ем "оқеееп".Қазіргіше "Ақшаң болса...." деген емес,мағынасы мәні кең болсын. Мүмкін сонда құрығанда минимум "топас" оқушылар болмас па еді деп қоямын...Әйтпсес "жастар оқымайды,мақал білмейді,ақын-жазушыларды танымайды"деп налушылар көп қой. Көзі көріп тұрса,дауыстап болмаса да оқиды ғой қайда барады. Бастысы қатесіз әрі қазақша болса. Мен Алматыны солай көремін. Біздің ауылдан "пример" алыңдар "если что"!!!! МЕНІҢ АУЫЛЫМ СОНДАААЙ!!!
Айтқандай, осы жазбаны жазуға себеп болған "фейзбуктегі" жазба міне: ДЕП КӨРСЕТЕЙІН ДЕСЕМ ЖОҚ ,ТАППАЙ ҚАЛДЫМ. Ренжімеңіздер,өзім де ашулымын. Онсыз да мына массагет қатты ашуландырған,осы жазбаны 2ші рет әрең жазып бітіргенімде өшіп қалып қанымды қарайтқан. "Сабыр,ойбай,сабыр біреудің сайтын боқтамай тыныш отырып жаз",- деп болғаным осы))))