Олжас Сүлейменов немесе ақынның "АЗИЯ" еңбегі туралы

Олжас Сүлейменов немесе ақынның  "АЗИЯ"  еңбегі туралы
жеке
блог

О. Сүлейменовтың  «Азия»  жинағына пікір

 

Түсінбестікті тудыратын тарих емес,

сол тарихты оқып ұғыну.

                                                                                                                      Олжас Сүлейменов           

***

  Тарих беттеріне терең үңіле,оның әр бетін ой сүзгісінен өткізе,оған өзіндік үн,өзіндік үлес қосқан  ақиық ақынымыз-Олжас және оның шығармалары  жайында сөз қозғалса,елең етпейтін қазақ,елең етпейтін халық кемде-кем.

Тегінде, «Балам,дейтін елі болмаса,

Елім дейтін бала қайдан шығады»- дейді дана халқымыз...

     Туған даланың топырағында аунап-қунап оның нәрін бойға сіңіріп өскен Олжастың шығармаларындағы сарын,ол сонау  өзіндік болмысымен тарих  беттерінен орын алатын,кешегі  қазақ халқының  қиын-қыстау кезеңі , туған жердің йісін аңсаған бала көңілдің,жарқын көрінісі еді.

   «Халқым,елім,жұртым!...» – деп жұдырықтай жүрегі шырылдаса,кешегім,бүгінім,ертеңім,-деп,өткен күндерден   болашаққа қанат сермеген арманшыл жастың- азаттықты ,мәрттікті  аңсаған асау сезімдерінің,қара қаламмен ақ парақ беттеріне түскен йірімдерінің бір тамшысы екендігі де айқын.

Кез келген ақынның,немесе жазушының  қандайда болсын шығармасын оқып қарар болсақ,олардың айтқысы келген өзіндік ойы бар екендігіне көз жеткіземіз. Және де кез келген    шығарма сонысымен  бағаланады.

  Мәселен,Олжас шығармаларындағы негізгі ойдын да өзіндік бір болмысы айқын.  Ақынның  «Азия» атты, жинағына  үңіліп қарар болсақ,ондағы ойдың  тамыры,әріден бастау алады және біздің одан ұғынарымыз көп.

 Ертеде, «Игор» жасағының  болғандығы. Және оның құрылуы,оның саясаты,оның өмір сүру болмысы,салт-дәстүрі,тарих беттеріндегі жалған сілтемелер,елдің  тыныс-тіршілігінің үдеуі,баяулауы,елдің -тарих сахнасынан жойылуы бәрі-бәрі ақын шабытымен ізденісінен,білімінен,байқампаздығынан туған дүние.

Осы кітапта, Олжастың тағыда бір көзге түскен қыры,ол яғни  шығарма тарихына зер салып қарауы,және  Славяндар мен Түркілер арасындағы кикілжін  тарихын адамдардың өзінше бұрмалап алғандығы жөнінде ой тастайды.  Мысалы,ақын;

-Маған, «Игор жасағы туралы жырдың»  белгісіз авторы,түркі поэзиясы жан дүниесін  тебіренткен ортада өскен болып көрінеді. Сондықтан ол өз шығармасын Славян-Түркі тарихының  шым-шытырман бір мәселесіне арнаса керек- деп ой түйеді.

Йә,расымен де кітап желісі бойынша  кейінгі ұрпақтың ол жасақ жайында күмәнданбағанымен , жырды жалған деп тануы,жинақтағы кей тұстарға келіспеушіліктен туған ой болуы да мүмкін.

Және де ақын,

-ХІІ ғасыда, Европа әлемінде «Дінсіз Қыпшақ »  Әл-Фарабиге татырлық бірде-бірде тұлға болмаған –дейді.  Осы тұста қазақ тарихшыларының кемшілігін  көрсете отырып, біздің тарихшыларымыздың  ұйқышылдығының салдарынан,біз -тарихымыздың жарқын беттерін,айқындай алмай жатырмыз дейді. Оған дәлел,мына сөзіне назар аударыңызшы;

-Тіл мен жазу,әлі де қаймағы бұзылмаған мәдени игілік.

Қазақтың мың жылдық тарихы,өзінің жаңа зерттеушілерін сарғая күтуде. 

Расында да,көпке топырақ шашқаннан емес,көпті көре көзімізге топырақтың толуынан,ашынғаннан туған ой десем,артық айтпас едім.

Ақынның қазақ кітіпханаларының біріне барып,осы кітапты  («Игор жасағы туралы жырды» ) тауып алғанда,ол кітап беттерін қолмен аша алмай,қалтасындағы сүйек пышақпен ашқандығында  шертіп кетеді.  Мұның өзі біздің тарихшылармызға деген сын.
Ақын өзі шығармасын қорытындылай келе, ондай жырдың қазақтарда да бар екендігін,және оның түркі көшпелілер  жырының қасында түкке тұрғысыз екендігін дәріптей келе. Ол жырдың түркі көшпелілері тарихынан да көшіріліп алуынуы мүмкін,әттең тек біздің тарихымыздың  дұрыс зерттелмеуі  біздің ерлігімізді өз дәрежесінде бағалай алмай тұр –деген түсінік шеңберінде халыққа салмақты ой тастайды.

 Досжан Нұрболат