Олимпиада ойындарында роботтар бақ сынамақ
жеке
блог
блог
Жапон елінің премьер-министрі Синдзо Абе 2020 жылы Токиода өтетін жаздық олимпиадалық ойындарында роботтарды қатыстыруды ұсынып отыр. Шенеуліктің ойы, дәл қазіргі уақытта робот жасау технологиясын дамыту. Нарықтағы бағасын 24 млрд долларға дейін өсіруді. Премьер-министр әлемнің түкпір-түкпірінен роботтарды жинауды ұсынып отыр. Оларды сайысқа салып, техникалық қабілеттерін сынамақ.
Абе мырза, роботтар Жапонияның экономикалық нарығында басты факторлардың бірі болғанын қалайды. Күн шығыс елі робот жасау саласында алдыңғы қатарлы ел екені баршамызға мәлім. Айта кету керек, жақында олар адам эмоциясын түсінетін роботты жұрт назарына ұсынған болатын.