Көбісі білетіндей, Алматы 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер болғантын, бірақ жеңімпаз Пекин қаласы болып шықты. Сол мезетте Қазақстандықтардың ойлары екіге бөлінді. Біреулері, Олимпиада Алматыда болса, туризм және инфрақұрылымды дамытуға болар еді дейіді. Екіншілері, осы хабарды естігенде қуанып қалды. Өйткені, олардың ойларынша, оныңсызда еліміздің қазынамыздан көп қаражат келе жатқан ЭКСПО-ға жұмсалып жатыр, ал онымен бірге Олимпиада қосылса, Қазақстанның экономикасы дағдарысқа ұшырайды. Алматы жеңілгені туралы хабарды естігенде, ойыма бір сұрақ келді: ”Осындай олимпадалары өткізу тиімді ма? Неге соншама ел ұйымдастырушы болуға ұмтылып жатыр?”.
Олимпиада ұйымдастырушы ел іс-шараны лайықты түрде өткізіу үшін кемінде 8-9 жыл дайындалады. Осы уақыттың ішінде жаңа спорттық нысаналар, туристтер үшін көптеген жаңа қонақ үйлер салынады, стадиондар реконструкцияланады, басқаша айтқанда, олимпиялық қаланың инфрақұрылымы биік деңгейдегі өзгерістерге ұшырайды. Әр халық намысшыл болғаннан кейін, олар өз елін бүкіл әлемге жақсы жағынан көрсеткісі келеді. Ұйымдастырушы елде сол категорияға кіреді, сондықтан мықты безендірілген көп орынды спорттық ғимараттар миллиардтаған қаражатқа қажет еді.
Олимпиаданың экономикалық табысы толығымен ұйымдастырушы комитетінің жоспарына байланысты. Егер елде жұмыссыз адамдар көп болса және экономикалық жағдайы құлдыраса, Олимпиада ойындары оларды экономикалық тұрақтылыққа және бәсекелі ортаға қайтара алады. Мысалы, 1992 жылға дейін Барселона тек қана өнеркәсіптік қала болған, қала тұрғындарының өмір деңгейі нашар болды. Алайда, олимпиададан кейін қаланың ішінде экономикалық өрлеу байқалды. Осындай үлкен іс-шара Барселонаның инфрақұрылымын мүлдем өзгертіп, әлемдегі ең танымал туристтік қалаларының біріне айналдырды. Бір сөзбен айтсақ, Испания олимпиадаға сәтті қаржы салды және олар қазіргі таңға дейін өз инвестицияларының игілігін көріп жатыр.
Олимпиада тарихында сәтсіз мысалдарда бар, солардың бірі 2004 жылы іс-шараны өткізген Грекия елі. Басында олар спортық мерекеге 4,5 миллиард АҚШ доллар жұмсаймыз деп жоспарлаған. Алайда, сол ақша жетпегеннен кейн, қосымша 4 миллиард АҚШ долларды қарызға алуға мәжбүр болды. Үлкен қарыз және нақты жоспардың жоқтығынан Грекия үлкен экономикалық дағдарысқа ұшырады. Тағы бір сәтсіз мысал ретінде Монреаль қаласын келтіруге болады. Олар олимпиададан шыққан қарызды 30 жыл бойы өтеді және жаңадан салынған спорттық объектілер бос тұрды, өйткені олардың күтімі көп шығынға соқтырды.
Менің ойымша, “Олимпиада тиімді ма?” деген сұраққа жауап беру қиын, өйткені олимпиаданың экономикалық жағынан сәтті өтуі біраз факторларға байланысты, олардың ішінде жоспарлау және жоспарды жүзеге асыру қабілеттері. Кейбір елдер олимпиаданы халықтың ішінде жастардың спорттық рухын көтереміз, кейін жаңадан салынған стадиондарда келешек олимпиада жеңімпаздары жаттықтырады деген ниетпен өткізеді. Ал кейбіреуілері елімізді бүкіл әлемге танытамыз және қаламызға қаптаған туристтер және ивесторлар келе бастайды деген оймен ұйымдастыруға тырысады. Пекинге ұтылғаннан кейін Алматы 2026 жылғы олимпиаданы өткізуге ниеттенуде. Егер елімізге осындай мүмкіндік түссе, Алматы ең танымал тау-шаңғы курортына айналуына және отанымыз әлемдегі 30 ең дамыған елдердің қатарына кіретініне сенемін.