Олимпиада неге Қазақстанда өтпейді?
блог
Менің армандарым өте көп. Жер басып жүрген әрбір жұмыр басты пенденің арманы болмауы мүмкін емес. Арман адамды алға жетелеп, өмір сүруге талпындырады және ынталандырады. Армансыз адам қанатсыз құспен тең емес пе?! Қайнекей Жармағамбетов атты ақынның "Үміт пен арман" өлеңі ойға оралады.
-Ажал төніп тұрса да,
Өлімге көңіл көнбейді.
Ақырғы демің тынғанша,
Үміттің оты сөнбейді.
Бір арманға қол жетсе,
Екінші арман туады.
Түлкі болып арман жол шексе,
Қыран боп адам қуады,-деп жырлаған екен. Осы жер шарында алты миллиардтан аса адам тұрса, сол адамдардың бәрінің арманы болады. Бір арманы орындалса, екінші арман пайда болады. Адам өзінің соңғы күндеріне дейін армандай береді. Кей армандар орындалып жатады. Сондықтан біз армандай білуіміз керек және армандай беруіміз керек. Менің де сан алуан арманым бар. Бір арманыммен бөліскім келіп отыр.
Менің арманым төрт жылда бір өткізілетін дәстүрлі олимпиада ойындары Қазақстанда өткізілсе ғой. Жазғы олимпиадалық ойындар 2012 жылы Лондон қаласында (Ұлыбритания) өткізілгені бәрімізге аян. Биыл яғни 2016 жылы Рио-де Жанейро қаласында (Бразилия) өткізілді. Содан кейін 2024 жылғы олимпиада Қазақстанда өтсе керемет емес пе? Егер осындай жарыстардың бірі Қазақстанда өткізілсе, еліміз үшін өте керемет болатын еді. Қашан екенін білмеймін, осы арманым бір уақытта орындалатынына сенімдімін.