Өлгеніміз тірілген, жоғалғанымыз табылған күн

Өлгеніміз тірілген , жоғалғанымыз табылған күн

Қазақ халқының мемлекет болып қалыптасуының ең басты алғышарты ұлттық баспасөз. Баспасөз - ұлттық сананың көрсеткіші . Бүгінде Алаш қауымының ұлт үшін күресінен бастау алған “Қазақ” газетіне 111 жыл .

Биыл еліміз үшін елеулі мейрам “ ұлттық баспасөз” күні алғаш рет республикалық деңгейде тойлануда . Ұлттық баспасөзінің тарихы 1913 жылы 2 ақпанда Ахмет Байтұрсынұлының ұйымдастыруымен газетінен бастау алды. Газеттің жарыққа шығуы қазақ халқы үшін маңызды оқиға болды десем артық айтқаным емес. Себебі, біздің жеке ұлт екенімізді айқындап, рухтық сана қалыптастыра білді. Алаш зиялылары қарумен емес, біліммен соғысудың маңыздылығын түсінді. Әрине, “Қазақ “ газетіне дейін қазақ тарихында бірнеше газет- журналдар болды. Өкінішке орай ғұмырлары қысқа болды. Алайда, қазақ халқы үшін “ Қазақ” газетінің орны ерекше. Өйткені бұл ұлттық рухты оята білген жүйелі жұмыс .Сондықтан да , бұл мерекені газеттің пайда болған күніне орай 2 ақпанға белгіледі . Бұл туралы Абай Мырзағали өз сұхбатында атап өтті.

Ұлттық баспасөз күнін тойлаудың мақсаты - баспа ісіндегі қызметкерлердің дәрежесін көтеру, кезіндегі баспа ісінің қалыптасуына үлес қосқан әрбір тұлғаның еңбегін еске алу,сезіну,түсіну. Бүгінгі таңда халықтың көп бөлігі газет оқымайды. Тіпті Солтүстік Қазақстан өңірінде қазақ тілінде сөйлейтін адамдардың қатары некен саяқ. Қазіргі таңда қазақ тілінің дәрежесі ақсаңдап тұр. Газет деген - ұлтттың айнасы емес пе? Ахмет Байтұрсынұлының айқанындай “ газет- халықтың көзі,құлағы һәм тілі” . Газет , кітап оқитын адамдардың өзге адамдардан жоғары тұратыны сөзсіз.

Сөзімді қорытындылай келе ұлттық баспасөз ұлт үшін ерекше орын алатынын айта кеткім келеді. Егер баспаның ұлт үшін маңызы болмаса дамыған елдер бүгінгі күнге дейін газет оқып, оны шығарып тұрмас еді . Сондықтан , барлығымыз ұлттық баспаның дамуына өз үлесімізді қосайық. Бұқаралық ақпарат құралдарының халықтан ажырап қалмауына мән берейік. Жаңа Қазақстанды жасау өскелең ұрпақ мына біздің қолымызда!



Бөлісу: