Өлеңдер
жеке
блог
блог
Тағы бір күн басталды, тағы да бір
Тағы күйбең тіршілік, абыр-дабыр
Тағы да сол автобус, тағы сол жол,
Бітпейтін бір кептеліс, түтін... дабыл...
Тағы жұмыс, басшылық, қырғын тағы,
Бір бірінен аумайтын бір күн тағы,
Әр нәрсенің қайыры болар дедім,
Өзімді алдап жымиып күлдім-дағы
Сезімім ішімді өртеп азғындады,
Соны ойлап бір келіге аздым тағы
Ішімде шөгіп қалған қоқыстарды
Қалам атты күрекпен қаздым тағы
Құдай-ау толып қапты жыр менен мұң
Қоқыстың көптігін де білмегенмін
Еңсемді ауыр басқан сол екен ғой
Сол екен ғой жүргені құр денемнің
Тазалап ап ішімді жеңідедім
Аппақ таза көңілмен жеңілмедім,
Қару барда қолымда «қалам» деген
Мұңымды да жеңуге сенімді едім