Өлеңдер

 

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ

Тәуелсіздік тұғырығы

20 жыл өтті, берік тұр,

Еліміздің көк байрағы

Желбірейді, бақыт бұл!

 

Бақыт- тілім мәртебесі

Орнын тауып, болды үстем,

Қол жеткізген бұл жеңіске

Желтоқсанға бас ием!

 

Жерім деп аңсап топырағын,

Тарыдай жан-жақ шашылған,

Құшақ жая қарсы алдық

Қандастарды сағынған.

 

Көтерілді ел еңсесі,

Жабылды Семей-палигон,

Паш етті әлем қауымына-

Бас тартты атом-қарудан.

 

50 елмен әлемдегі

Тең болуға шақырған,

Ұранына президенттің

Үн қосуда барша адам.

 

Пейілі кең, дәриядай,

Бейбітшіл халқым қашанда,

Жұмылды енді бір адамдай,

Ұйымшыл еңбек- майдан да.

 

Халқымыздың әл-ауқаты

Көтерілді шарықтап,

Астанадай әсем қала

Бой көтерді қалықтап.

 

Зәулім үйлер, химараттар

Көздің де жауын алғаны,

Мен мұндалап Бәйтерек тұр-

Ол бірліктің символы!

 

Ақ Ордасы Астананың

САММИТ-ті де жинаған,

Тең деңгейде барша елмен

Ассамблея бас қосқан.

 

Салауатты өмір салтын

Ұстанған ел, алауын

Азияда ойынының

Тікті Алматы жалауын.

 

Елім еркін, жерім бекім,

Конституция қорғап заңын,

Оқып білім алам деген

Жолын  ашты жастардың.

 

«Тәуелсіздік не берді саған» -

Деген сауал қойса егер,

Мақтанышпен айтар едім-

Тілім, дінім, ерік, жер!

 

Ата-баба өткен тарих,

Салт-дәстүрін сақтаған,

Сенем, алда зор болашақ

Барын туған елімнің!



Бөлісу: