Өлеңдер
блог
Ештеңеге соқпады зауқым бүгін,
Көз ілместен өткен соң бәлкім түнім.
Шек-қиырсыз ойларым миды торлап
Шындыққа айналған соң сан күдігім.
Еңсем де көтеріліп марқаймады,
Ойлардан құтылмады қай-қайдағы.
Бұрыңғы көңілді жан жоқ мендегі
Бұрыңғы жарқын күлкі байқалмады.
Шаршаңқымын, жүзім де, денем тағы
Шаршауымды шығарар өлең бағы,
Ешкімге ауыз ашпай өлең жазам,
Шабытымның тағына келем дағы
Қаламнан қылыш, шабытым дулығамдай,
Қолға алам амалым құрығандай.
Ашуымды шығарсам осылай мен.
Қаламын анадан жаңа туылғандай.
Хабарласпа, араласпа, қоңырау да шалмашы.
Бұл мәні жоқ қатынастың болмасыншы жалғасы
Бірде болған, бірде болмас сезіміңнен шаршадым.
Көл болуға айналады көздің аққан әр жасы.
Саған сеніп тапсырып ем жүрегімнің жартысын,
Өз қолыңа ұсынып ем жігерімнің қамшысын.
Қос аққудай жүзерміз деп ойлап едім айдында,
Сол айдыннан енді сездім көз жасымның тамшысын
Хабарласпа, араласпа, қас та болма, дос болма,
Қамаудан ұшқан құс болайын, сен қарарсың бос торға,
Өкінерсің сол кез, әлде, қуанарсың білмедім,
Не де болса болашақта сезіміңе бос болма.
Бетін қақтың жігіттің, сезімі қалды жауапсыз,
Иманына емес ау, көлігіне қарапсыз.
Сезіміне емес –ау, қалтасымен өлшеп ап,
Жақсы ісін ескермей, мал-дүниесін санапсыз.
Ақшамен өлшеп бақытты, дүниемен кеңеспе,
Бүгін болса дүние, айналар ертең елеске.
Иманды жанмен қосылсаң, сезім болса араңда
Бас екеу болмай мал екеу бола алмайды емес пе?